13.1 C
Алматы
Суббота, 4 октября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Ақтаудағы 15 миллион теңгенің «Гүл алаңы» балаларға арналған төбешікке айналды

    Былтыр күзде дауға айналған Ақтаудағы «Гүл алаңы» инсталляциясы қаңтардағы тәртіпсіздіктерден кейін қызғалдақтарынан айырылып, балалар ойнайтын төбешік болып қалды. Осы жағдайға қатысты Clever media group ЖШС менеджері Олжас Нұрланов пікір білдірді, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Lada.kz порталына сілтеме жасап.

    Нұрланов компания өкілдері әлеуметтік желілерден балалар «Гүл алаңында» сырғанап жүрген видеоны көргенін айтты.

    «Өкінішке қарай, бұған ештеңе істей алмаймыз. Уақыты келген кезде механик жүріп, алаңды түзетеді. Бір ескерту жасайды, орнына басқа балалар келеді», — деді ол.

    Олжас Нұрлановтың айтуынша, электр тогы ажыратылған, сондықтан «электр тогы соғады деген қауіп жоқ».

    Сонымен қатар, компания менеджері балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полицияға жүгінуге ниетті екенін айтты, өйткені нысан жол бойында орналасқан.

    «Қаңтар оқиғаларынан кейін, өкінішке қарай, көп нәрсе бүлініп, кей жерлер өртелді. Қазір әкімдіктің «Гүл алаңына» байланысты шешімін күтіп отырмыз», — деп толықтырды Нұрланов.

    Бұған дейін Ақтауда 15 миллион теңгеге пластик гүлдері отырғызылғаны хабарланды.

    Кейін Ақтау орталығындағы жасанды қызғалдақтардың біразы жарамсыз болып қалды. Мердігерлердің айтуынша, бұған бұзақылар кінәлі болған еді.

    қатысты посттар

    Арал ауданында 604 жаңа жұмыс орны ашылады

    Фариза

    Сырдария ауданына оттегі концентраторы жеткізілді

    Фариза

    «Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы»: Жалағашта екі білім ұясы күрделі жөндеуден өтеді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.