1 C
Алматы
Воскресенье, 24 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Қасіретті қаңтар оқиғасына кім кінәлі?

    Қазақстанда болған қаңтар қырғыны әлі күнге ұмытыла қойған жоқ, ұмытылмайды да. Өз талап-арыздарын айтып шыққан халықтың ұйымдастырған митингі күтпеген жерден бір сәтте орны толмас қасіретке айналып кетеді деп кім ойлаған? Жазықсыз өлген азаматтарымызды да жер қойнына тапсырып үлгердік. Ал билік болса, орасан зор шығын әкелген кәсіпорындардың жұмысын қайта жалғастыра алуына барынша мүмкіндік жасауға кірісуде. Кінәлі деп танылған арандатушылар мен осындай сәтті пайдалынып қамбаларын толтырумен айналысқан ашкөз адамдар, тіпті, қалай кіргені белгісіз басқа ұлт азаматтары мен экстремистік ұйым өкілдері де қолға түсуде. Дегенмен, осыншама ұйымдастырылған іс-әрекеттің барлығын халық арасында жүрген арандушылар ғана істеді деген ұғым ақылға сыймайды. Тіпті, Президентіміздің өзі «Бұл ұйымдасқан түрдегі, кемінде 10 жыл дайындықтан өткен топтардың іс-әрекеті», —  деп баға берген болатын. Расында, ұйымдасқан топтың басшысы да болатындығы барлығына белгілі. Дегенмен ол кім? Бұл сұрақтың жауабын билік те нақты айтпады, халыққа да жұмбақ күйінде қалды. Qazweek.kz ақпарат агенттігінің журналисі осы мәселе төңірегінде зерттеу жүргізді.

    Халық арасында бүлікті ұйымдастырған кім деген сауал төңірегінде түрлі қауесет тарауда. Дегенмен соңғы уақытта көпшілігінің пікірі Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдыны басты күдіктілердің бірі ретінде санауда. Бұл пікірді шетелдің ақпарат тарататын сайттарынан да байқауға болады. Дегенмен, халық арасында тарлаған бұл ақпарат қайдан шықты?

    Осы уақытқа дейін елде орын алған барлық дерлік террорлық іс-әрекеттер Қайрат Сатыбалдының есімімен тікелей байланысады. Дегенмен, кінәләуға нақты дәлел жоқ. Тіпті, бір кездері Қайрат Сатыбалдының «Қазақстандағы салафиттердің қорғаушысы» деген атағы шыққан болатын.

    Бұл атау қалай пайда болды?

    Қайрат Сатыбалдыұлы 2005 жылдан бастап жұрт көзіне түсе бастаған. ҰҚҚ генералы сол жылы ұйымдастырған «Ақ орда» атты қоғамдық қозғалысқа өзі басқаратын ұлттық спорт түрлері ассосациясы мен «Қайрат» қайырымдылық қорын қосып, «Орда и К» атты бизнес құрылым жасаған. 

    Қайрат Сатыбалдыұлы «Ақ орда» қозғалысы құрылар қарсаңда берген бір сұхбатында 17 кесене мен 25 мешітті жөндеуге демеушілік жасағанын да айтқан. Бұл сөзден кейін кейбір сарапшылар 2005 жылға дейін Меккеге жеті рет барып, екі рет қажылық парызын өтеген Қайрат Сатыбалдыұлының қозғалысы діни бағытты көбірек ұстауы мүмкін» деген болжам жасаған. Ал Сатыбалдыұлы мұндай болжамдарға «мақсатымыз – экономикалық және қоғамдық реформаларды жеделдету», — деп жауап берген.

    Дәл осы сапарларының бірінде Қайрат Сатыбалдыұлы Араб шейхы Халилмен кездескен. Кездесуде Қайрат Сатыбалдыұлы билікті ауыстыру мақсатында лаңкестерді дайындап, сондай-ақ оларды Қазақстанға жіберу үшін 100 мың доллар көлемінде ақша бергені туралы шетелдік сайттарда ақпарат тараған. Сондай-ақ бейресми ақпарат бойынша Қайрат Сатыбалдыұлы Сауд Арабиясы басшылығының қолдауына ие болған.

    Қайрат Сатыбалдыұлының қолдауымен Қазақстанда радикалыдардың өз мешіттері, тіпті, арнайы фондтары да болған. Сондай-ақ ол «салафиттердің» фондына әр тоқсан сайын 50 мың доллар аударып отырған, — деп жазған ақпарат сайтында.

    «Қайрат Сатыбалдыұлының демеушілігімен Қазақстанда бірнеше мешіттердің салынғаны белгілі. Соның бірі Шұбар мешіті. Ақпарат бойынша бұл атақты мешіттің алғашқы басты имамы «салафиттердің» ұстазы болған Абида Назаровтың шәкірті Таиржан Ибрагимов болған. Оны Бекболат Тілеухановтың сұрауы бойынша «сақалдылар» арнайы Ташкенттен алдырған деген ақпарат бар. Сондай-ақ Шұбар мешіті арнайы VIP – клиенттердің миларын улау үшін арнайы салынған деген де ақпарат кездеседі. Оларды өз жақтарына өткеннен кейін қатарларына қосылушыларға ақша таратқызу мақсатында пайдаланбақ болған. Сонымен қатар, бұл ғимаратта оқытумен қатар, дене-шынықтыру сабақтарына да аса қатты көңіл бөлігендігі айтылған.

    Еске сала кетсек, 2005 жылы Қайрат Сатыбалдыұлының демеушілігімен Атырау қаласында «әт-Тақуа» мешіті салынған болатын. Оны салған қаланың бас «салафиті» Шарифулла Сейфулин. Оның каратэ жаттықтырушы ретінде білімі болған. Соның арқасында ол жанына спортсмен-радикалдарды жинауға мүмкіндігі болған. Айта кететін жайт осы мешіт салынғаннан кейін Атырау тұрғындарының діни тұрмысы қатты өзгерген.

    Сонымен қатар, Ақтөбеде орын алған 2016 жылғы террактке де Қайрат Сатыбалдыны халық күдіктілердің бірі ретінде санаған. Ол исламды қару ретінде пайдаланады деп есептеген» , — деп жазылған ақпарат агенттігінде.

    2019 жылы 2 желтоқсанда Қайрат Сатыбалдыұлы мен оның інісі Самат Әбіш әкесіне арнап Сатыбалды Әбішұлы атындағы мешіт салды. ҚМДБ баспасөз қызметінің хабарлауынша мешіттің ашылуына Түркия өкілі Неджметтин Эрдоған Біләл, Шешенстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Амруддин Эдильгерев, Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттерінің мүфтилері мен еліміздің мүфтилері, сондай-ақ Түркістан облысың әкімі Өмірзақ Шүкеев қатысқан. Сарапшылардың болжауы бойынша мешіттің ашылуына шетелдің ықпалды адамдарының келуі бекер емес.

    Байқап отырғанымыздай Қайрат Сатыбалдыұлы — Қазақстандағы «салафиттердің» қорғаушысы деген атаққа ие болған Назарбаевтың туысы. Жоғарыда аталған оқиғалардың барлығы да халықтың оған деген теріс көзқарасын қалыптастыруға алып келген. Ал соңғы оқиғаға байланысты халықтың Қайрат Сатыбалдыұлынан күдіктенуі бүлікке қатысқан қарулы «Йақын инкар» ұйімының мүшелері ұсталуымен тікелей байланысты болса керек. Естеріңізге сала кетсек, күні кеше полиция қызметкерлері бүлікке қатысы бар деген «Йақын инкар» ұйымының мүшелерін ұстаған болатын. Оларды тінту барысыныда қару-жарақтар мен оқ-дәрілер, сондай-ақ діни кітапшалар мен әдебиеттер тәркіленген.

    Ресейдің ақпарат сайттары да Қайрат Сатыбалдының 2022 жылдың басындағы қырғынның басты күдікдісі ретінде саналғанын жазды.

    «Өздеріңіз білетіндей, 2022 жылдың басында Сатыбалды Алматыдағы жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырған басты күдіктілердің бірі болып шықты. Көпшілік ол Қазақстанның бірінші астанасында өзіне адал содырларды жіберген болуы мүмкін деп есептейді, өйткені, ол өзі сәләфилік ағымның белгілі діни жетекшісі. Бұған дейін ол ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінде (ҰҚК) қызмет атқарып жүріп, генералдың погонын алып үлгерген.

    Қайраттың інісі Самат Әбіш те қызметтік мансабын ҰҚК- де басатаған»,- деп хабарлаған Ресейдің ақпарат агенттігі.

    Естеріңізге сала кетсек, ҰҚК басышысы Карим Масимов мемлекетке сатқындық жасады деген айыппен қамауға алынған болатын. Артынша оның орынбасары қызметін атқарған, генерал, Самат Әбішті, Тоқаев қызметінен босатты.

    Шетелдік ақпарат құралдарында 7-8 қаңтар күндері Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіштің ұсталғандығын, ал Қайрат Сатыбалдыұлын Дубайда қамауға алынғандығы туралы ақпарат тарады. Тіпті, Қайрат Сатыбалдыұлын қаңтар қырығын кезінде Нұр-сұлтан әуежайының бизнесс-класс бөлімінен көргендер де бар  екен.

    «Қазақстанның бұрынғы президенті Назарбаевтың жиені Қайрат Сатыбалдының Дубайда ұсталғаны туралы ақпарат расталды.

      Оның інісі, ҚР ҰҚК бастығының бұрынғы бірінші орынбасары Самат Әбіштің ұсталғаны туралы да ақпарат бар.

       Елбасының Қытайда жүргені туралы мәлімет келді» , — деп жазған  Аркадий Дубнов өзіңнің Facebook әлеметтік желісіндегі парақшасында.

    Дегенмен, бұл ақпараттарды ҰҚК баспасөз қызметі жоққа шығарды.

    Қайрат Сатыбалдыұлының биліктегі қызметі 1991 жылдан – ұлттық қауіпсіздік комитетіне (ҰҚК) келген кезінен басталған. Ол бұдан кейін Астана қаласы әкімінің орынбасары (1998-2000), «Қазақ ойл» компаниясының вице-президенті (2000-2003), ҰҚК кадр департаментінің директоры (2003-2005), «Қазақстан темір жолы» компаниясының вице-президенті (2005-2006), «Дүние» корпорациясы» акционерлік қоғамының директорлар кеңесі төрағасы (2006-2010) 2010- 2015 – «Нұр Отан» партиясының хатшысы болған.

    Сонымен қатар, ол «Каспидің», Оффшорлық компания «Қазақтелекомның», сондай-ақ «Самұрық қазынаның» акционреі ретінде танылған.

    Қайрат Сатыбалдыұлы Forbes Kazakhstan журналының есебінде 163 миллион долларға бағаланған дәулетімен Қазақстандағы ең ықпалды 50 бизнесмен қатарында болған. 2018 жылдан кейін ол ақпарат құралдарынан да Forbes Kazakhstan-ның ең бай 50 адамның қатарынан да көрінбей кетті.

    Қазақстанның тәуелсіздік алған жылдарынан бастап бастан өткен әрбір сәт, әрбір оқиға әрбір қазақстандықтардың көз алдында. 30 жылдың ішінде қанша рет террорлық іс-әрекет болса, барлығына дерлік Қайрат Сатыбалдыұлының күдікті ретінде танылуы халықтың көз алдында өткен оқиғалардан қортынды шығаруынан пайда болса керек. Дегенмен, біз дәл қазір кімнің, расында, нақты кінәлі екендігін, бүлікті ұйымдасытрушылардың көздегені не болды, нақты басып айта алмаймыз. Халықтың көз-қарасын да жоққа шығара алмаймыз, әрине.

    Биліктегілердің арасында қандай да бір тартыстың болғаны белгілі. Дегенмен, мұндай талан-тартысқа халықтың қанымен жауап беру кімге керек болды?

    қатысты посттар

    Саяси реформаны талап еткен митингте трансгендер мінберде сөз сөйлемек болды

    Фариза

    Енді шенеуніктер жалақыны жаңа ереже бойынша алады

    Мұхтар Шаханов: «… қышып, алаңға неге бардыңдар?» — Мейірхан Ақдәулетұлының Желтоқсанға қатысты шындығы

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.