-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Дін Қоғам

    Қазақстанда жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқан «Йақын инкар» экстремистік ұйымының мүшелері ұсталды. «Йақын инкар» дегеніміз кімдер?

    Қазақстанда жаппай тәртіпсіздіктерге «Йақын инкар» экстремистік ұйымының мүшелері де қатысқан болып шықты. Хабар арнасының хабарлауы бойынша ұсталған топ мүшелерінен қару-жарақтар, гранаталар, оқ-дәрі және де діни кітапшалар мен әдебиеттер табылған. 

    «Йақын инкар» дегеніміз кімдер?

    «Йақын Инкар» — Бас прокуратура Қазақстанда тыйым салынған «Таблиғи Жамағат» экстремистік ұйымының негізінде құрылған топ.

    Таблиғи жамағат -  Үндістандық Мұхаммед Ілияс Кандеһләуи 1926 жылы Үндістанда құрған ағым. Исламға шақыру, Исламды тарату мақсатында құрылған. Бұл ағым өкілдері дін таратуға 3 күнге, бір жетіге, 40 күнге шығып, елді мекендерді аралап уағыз айтумен айналысады. Бұл ағымның негізін салушылар сопылық тариқаттардың өкілі болып, матуриди сенімін ұстанған.

    Көрсетілген ұйымның шынайы мақсаты – жекелеген мемлекеттерде, соның ішінде Қазақстан аумағында конституциялық құрылысты күштеп өзгерту, егемендікті бұзуды болжайтын «халифат» құру.

    «Йақын Инкар» мүшесі болған Қазақстанның жекелеген тұлғалары біздің еліміздің аумағында экстремистік әрекет жасағандықтары үшін бас бостандығынан айыруға сотталған (Астана қаласының Сарыарқа аудандық сотының 10.04.2018 жылғы үкімі).

    Қылмыстық істер шеңберінде осы ұйым мүшелерінің Қазақстан аумағында топтар құру ниеттері болғандығы анықталды.

    Осындай негіздер бойынша «Йақын Инкар» ұйымы Қырғызстанда экстремистік деп танылған.

    Бас прокуратура сот шешімінен кейін «Йақын Инкар» экстремистік ұйымының әрекетіне кез келген қатысқаны және қаржыландырғаны үшін Қылмыстық кодекстің 182, 258 және 405-баптарына сәйкес қылмыстық жауапкершілік көзделгенін түсіндіреді.

    «Қатысу» әрекетіне «Йақын Инкар» ұйымының идеясын үгіттеу және насихаттау, оның жарияланымдарын, парақшаларын, посттарын, пікірлерін және басқа да ақпараттық материалдарын дайындау, шығару, көбейту және тарату жатады.

     «Қаржыландыру» ұғымына «Йақын Инкар» ұйымына ақшаны, өзге де мүлікті беру немесе жинау, сыйға тарту, айырбастау, қайырмалдық жасау, спонсорлық және қайырымдылық көмек, ақпараттық және өзге де қызмет түрлерін көрсету жатады.

    қатысты посттар

    «Көтеріліс арқылы мәселе шешілгенін көрген емеспін…» — белгілі әнші митингіге қатысты өз ойын білдірді

    Мас кезінде ұлының жөргегін ауыстырғысы келген ер адам алты айлық ұлын абайсызда өлтіріп алды

    Фариза

    Алматыда екпеден соң акушердің аяқ-қолы тырысып, хәлі нашарлаған

    Фариза

    Пікір қалдыру

    20 + 11 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.