-6.1 C
Алматы
Четверг, 14 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Сенат Елбасының өмір бойы төрағалық ету құқығының күшін жоюды мақұлдады

    Сенаторлар мемлекеттік бастамаларды Елбасымен келісу қажеттілігін жоюды мақұлдады. Бұл норма бүгін палатаның жалпы отырысында сенаторлар қараған «Тұңғыш Президент – Елбасы туралы» Конституциялық Заңда жазылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

    Сондай-ақ, депутаттар «Қауіпсіздік кеңесі туралы» және «Қазақстан халқы ассамблеясы туралы» Заңдарға бұрын ұсынылған өзгерістер мен толықтыруларды талқылады. Түзетулерде Елбасының Қауіпсіздік Кеңесінде және Қазақстан халқы ассамблеясында өмір бойы төрағалық ету құқығының күшін жою көзделеді.

    Жоғарғы Палата депутаттары мәжілісмендердің бұрын айтылған барлық өзгерістерін мақұлдады. Бірақ өз түзетулерін ұсына отырып, заң жобасын төменгі палатаға қайта қарауға қайтарып отыр.

    «Сенаторлар заңнамаға енгізіліп отырған мемлекетіміздің Қауіпсіздік кеңесін, Қазақстан халқы ассамблеясын Мемлекет басшысы өзінің қызметіне сәйкес басқаруы тиіс деген өзгерістерді қолдады. Сонымен қатар заңды талқылау барысында бір норма енгізіліп отыр. Ол – «Тұңғыш Президент туралы» заңнан мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатына байланысты бастамаларды Елбасымен келісілуі тиіс деген норма алынып тасталып отыр. Сондықтан да Сенат заңнамаға енгізілген өзгерістерді тұжырымдамалы түрде қолдап, бір өзгеріспенен Мәжіліске қайтарып отыр», — деп атап өтті сенатор Ләззат Сүлеймен.

    Енді бұл түзетуді Мәжіліс депутаттары қайта қарайды және қабылданған жағдайда Заң жобасы Президентке қол қоюға жіберіледі.

    қатысты посттар

    Елімізде дүкендер мен сауда орындарында маскасыз жүруге тыйым салынды

    Фариза

    Надыровтан коронавирус анықталып, Әбілдаев отставкаға кетпейтін болды

    Фариза

    Мемлекет басшысы туған күнін қалай атап өтеді? Президент қандай тапсырма берді?

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.