-14.1 C
Алматы
Среда, 25 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Денсаулық

    Зейнетақы жинағының артық бөлігін қазақстандықтар тағы қандай емге жұмсай алады?

    Денсаулық сақтау министрлігі зейнетақы жинақтарын жұмсауға болатын медициналық қызметтердің түрлерін анықтады, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Ведомство мамандары қазақстандықтарға өз зейнетақы жинағындағы артық соманы жаңа мақсаттарға пайдалануға құқық беретін құжат дайындады. Олардың ішінде жинақтарды зейнетақы төлемдерін біреудің атына берместен баланың емделуіне жұмсау мүмкіндігі бар. Сондай-ақ зейнетақыны шетелде емдеуге пайдалану қарастырылған.

    «Бұдан басқа, емдеу бойынша бұрын келтірілген шығындарды өтеу тетігін енгізу нормасы қарастырылған. Сондай-ақ жинақтарды жұмсауға болатын медициналық қызметтердің тізбесі кеңейтілді: бұл Қазақстан аумағындағы медициналық ұйымдардағы стоматологиялық қызметтер, ортопедияның барлық түрлері және имплантацияның барлық кезеңдері, сондай-ақ ортодонтияның барлық түрлері, оның ішінде алып-салынбайтын конструкциялар.

    Бұдан басқа, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру көлемінен тыс экстракорпоралдық ұрықтандыруға зейнетақы артығын жұмсау мүмкіндігі бар», — деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті өкілдері.

    Қазіргі уақытта құжат Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігімен, сондай-ақ Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен келісу кезеңінен өту сатысында екен. Осыдан кейін оған денсаулық сақтау министрі қол қояды және тиісті бұйрық шығады.

    «Медициналық қызметтер тізбесі халықтың қажеттіліктерін ескере отырып қалыптасады. Жаңа құжатта оған тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі жабылмайтын қымбат медициналық қызметтер енгізілген. Сондай-ақ, медициналық қызметтерге зейнетақы артығын пайдалану сомасы бойынша шектеулер жоғын атап өткен жөн», — деп толықтырды ведомство өкілдері.

    Еске салайық, былтыр көктемде алматылық азамат өзінің зейнетақы жинақтарын тісін емдеуге жұмсай алмайтынына шағымданған болатын. Оның айтуынша, ол ортодонтия желісі бойынша өте ұзақ емдеуді қажет етеді, ал бұл қызметтің құны айтарлықтай қымбат. 

    қатысты посттар

    Қытайдағы эпидемия 2011 жылы түсірілген америкалық фильмнің сценарийі секілді

    Жамбылда өкпесі 76 пайыз қабынған зейнеткер сауығып шықты    

    Фариза

    Ресейлік танымал актриса туған атасының қазақ екенін жайып салды

    Денис

    Пікір қалдыру

    one × five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.