-1.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Алматы облысында бір үйдің үш адамын атып тастаған (видео)

    Талдықорғанда өткен сенбі күні қайғылы жағдай болды. Марқұмдардың туыстарының айтуынша, оқиға комендаттық сағат кезінде, қонақтан қайтып келе жатқанда болған.

    Тіл тартпай кеткен 3 адамның ең кішісі 15 жаста, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Экспресс К порталына сілтеме жасап.

    Қайғылы жағдай 8 қаңтар күні кешкі сағат 21:00-ден өте, Ақбастау және Жабаев көшелерінің қиылысында болған. Марқұмдардың туыстарының айтуынша, қонақтан үйіне қайтып келе жатқан әкесі, анасы және қызын әскерилер атқан болуы мүмкін. Нұрболат Сейітқұлов, Алтынай Етаева, Нұрай Оразақынның денесін туыстары кеше жер қойнына тапсырды.

    «Олар досының үйінен қонақтан келе жатқан. Коменданттық сағат 21:00-ден кешікпейік деп үйіне қарай шыққан. Ол марқұмдардың үйінен алыс емес. Ары кетсе 2-3 минутта жететін жер. Соған жете алмай қалып отыр емес пе?! Әскерилер атып тастап отыр. Кеше жерледік. Қазір тоқтамаған соң атты деген әңгіме шығып отыр. Қарап тұрсаңыз тоқтатса кез келген адам тоқтайды ғой. Тоқтамаған күннің өзінде бас салып оқ жаудыру дұрыс емес қой. Үшеуі де тура сол жерде өліп кетті», — дейді марқұмдардың туысы Рүстем Ахметжанов.

    Қайғылы жағдайдан бері 4 күн өтсе де марқұмдардың туыстарына құзырлы орган тарапынан ешкім келмепті. Рүстем Ахметжанов үш бірдей туысы үшін соңына дейін барамын деп отыр.

    Құзырлы органдарға арызданамыз. Өйткені ай-күннің аманында бір үйден үш мәйіт шығарып отырмыз. Әкімдіктен, Полиция департаментінен ешкім келмеді. 4 күн болды, міне, ешкімді көрген жоқпын. Біз бұл жағдайды жылы жауып қоймаймыз,

    — дейді Рүстем Ахметжанов.

    Бұл мәселе бойынша біз Алматы облысы ПД-не хабарластық. Ондағылар қайғылы жағдай Қорғаныс министрлігі күштерінің операциясы кезінде болғанын айтты. Сондықтан бұл іспен әскери тергеу органдары айналысып жатыр деп қысқа қайырды. Ал облыс әкімінің кеңесшісі Ғалымұрат Жүкел қара жамылған отбасыға әкімдік тарапынан барынша қолдау болатынын жеткізді.

    қатысты посттар

    Құқық қорғаушылар: Билік карантинді пайдаланып, белсенділерді қудалауды күшейтті

    Фариза

    Қоқыс маңынан табылған бала: 19 жасар ана қызын қалай өлтіргенін айтып берді

    Фариза

    Зауыт басшысы қазақ жұмысшыларын балаға кәмпит беріп алдағандай қытай тілін үйретпекші

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.