-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Бақыт Сұлтанов: Азық-түлік тауарларының бағасы қолжетімді болады

    Үкімет отырысында Премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов Үкіметтің қаржы-экономикалық блогы бойынша жедел және жүйелі шаралар қабылдау туралы айтты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Бірінші. Азық-түлік инфляциясын тежеу және әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағаларын мемлекеттік реттеу шараларын күшейту шеңберінде жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, азық-түлік тауарларының негізгі түрлерінің нақты және бағалық қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдануда.

    Екінші. Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, тауарларды өндіру, тұтыну және қайта бөлу теңгерімдерінің толық мониторингі қамтамасыз етілетін болады.

    Үшінші. Орталық Азия елдерімен өзара іс-қимыл шеңберінде импортталатын азық-түлік тауарларын тарту бойынша шаралар қабылдануда. Қажет болған жағдайда экспорттық шектеу жөніндегі шаралар уақытылы қабылданатын болады. Қазірдің өзінде мал мен көкөніс экспортына тыйым салынды.

    Төртінші. Кәсіпкерлік кодексінде шекті бағаларды қолдану құралдары көзделген. Министрдің айтуынша, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен, Ұлттық экономика және Ауыл шаруашылығы министрліктерімен бірлесіп, шекті бағалар тетігі қайта қаралды.

    Бұл бағаның одан әрі өсу қаупін болдырмауға мүмкіндік береді. Жекелеген тауарлар бойынша бағалар айтарлықтай өскен жағдайда, монополияға қарсы орган белгіленген тәртіппен шекті бағаларды әкімшілік бекіту құралы уақытылы қолданылатын болады. Премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов

    Бесінші. Сауда комитетінің қызметін функционалдық күшейтуге байланысты шұғыл заңнамалық бастамалар дайындалатын болады.

    Бұдан басқа, экономиканы әртараптандыру және төлем балансын жақсарту бойынша «экспорттық тәртіп» тәсілдерін енгізу жолымен шикізаттық емес экспортты ұлғайту бойынша жүйелі ұсыныстар әзірленетін болады. Жақын көршілес елдермен сауданы кеңейту жөніндегі жұмыс жалғасады.

    Сондай-ақ, Премьер-министр орынбасарының айтуынша, үкіметтің экономикалық саясаты, ең алдымен, халықтың әл-ауқатын жақсартуға және өмір сүру сапасын арттыруға бағытталатын болады.

    Ашық әрі теңдестірілген принципке сай бюджет және фискалдық саясат қалыптастырылады. Салықтық-кедендік әкімшілендірудің батыл шаралары қосымша табыс көздерін қамтамасыз етеді. Жеке секторды экономикалық өсу драйвері ретінде дамыту мақсатында бәсекелестікті дамыту арқылы шағын және орта бизнесті күшейтуге баса назар аударылатын болады. Шағын кәсіпорындарға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігі мен қолжетімділігі артады.Премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов

    Мемлекеттің экономикадағы үлесі оны жекешелендіру және бәсекелес ортаға беру арқылы қысқартылады, мемлекеттік активтерді басқару тәсілдері қайта қаралады.

    қатысты посттар

    10 соттық жерді алу үшін өтінішті қалай береді

    Фариза

    Ғабидолла Әбдірахымов: Мен өлген жоқпын ғой!

    Қызылордада қоғамдық көліктер үшін жолақысы бұрынғы бағада қалатын болды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    20 + 16 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.