-14.1 C
Алматы
Четверг, 26 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Сұрат ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды

    Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев Меркі ауданының Сұрат ауылындағы жаңа дәрігерлік амбулаторияның ашылу салтанаттына қатысты.

    — Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, сондай-ақ денсаулық сақтауды дамытудың мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін орындай отырып, өңірде алғашқы медициналық-санитариялық көмектің қолжетімділігін арттыру бойынша белсенді жұмыстар атқарылуда. Қазақстандықтардың тұрмысын жақсартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар кезең — кезеңімен нәтижелі жүзеге асып келеді, — деді аймақ басшысы.

    Аймақ басшысы тұрғындарды санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтауға шақырды.

    Бір мезетте 30 науқас жүгіне алатын дәрігерлік амбулаторияның құрылысын «AKM Group» ЖШС жүргізген. Жобалық құны 157,1 млн. теңге. Нысанда барлық қажетті құрал-жабдықтармен қамтылған жеке зертхана мен дәрігерлік кабинеттер қарастырылған.

    Тұрғындар атынан сөз алған ақсақалЕсімбек Адамбаев ризашылығын жеткізді.

    – Заманауи үлгідегі медициналық орталықтың ашылуы – барша ауылдықтар үшін үлкен қуаныш. Енді біз үшін білікті медициналық көмек немесе кеңес алу үшін облыс орталығына барудың қажеті жоқ.Мемлекет және облыс басшылығына алғысайтамыз, – деді ол.

    Аймақ басшысының Меркі ауданындағыжұмыс сапары мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту және бейімдеу орталығының иппотерапия бөлімшесінде жалғасты.

    Сарымолдаев ауылындағы 2018 жылы ашылған, ауысымына 25 келушіні қабылдауға арналған оңалту және бейімдеу орталығында 30 маман жұмыс істейді. Мүгедектігі баржандардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатындағы жүйелі жұмыстар аясында осыдан бірер ай бұрын орталықта иппотерапия бөлімі ашылған болатын.

    – Ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналарына иппотерапияның пайдасы туралы жан-жақты түсіндіру керек. Келер жылы бұл бөлімше кеңейтіле түседі, ол үшін барлық мүмкіндіктер жеткілікті. Жылқы санын көбейту қажет. Мұндай орталықтар облыстың басқа аудандарында да ашылады. Барлық балалардың физикалық және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, лайықты және табысты болашағы үшін жағдай жасауға тиіспіз. Ерекше қажеттіліктері бар балалар жалпы білім беру процесіне тартылуы керек. Олардың тұрақты жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болуы аса маңызды,– деді облыс әкімі.

    Ата-аналар да өз кезегінде аттарменжұмыс нәтижесінде балалардың әртүрлі бұлшық ет бөліктері нығайып, психоэмоционалды және тіпті сөйлеу жағдайы жақсара түскенін атап өтті.

    Сарымолдаев ауылында «Меркі жолдары» ЖШС әрқайсысы 4 пәтерден тұратын 6 бір қабатты үйдің құрылысын жүргізуде.

    — Пәтер кілттерін баспаналы болуды асыға күтіп жүрген кезектегі тұрғындарға тезірек тапсыру керек, — деп атап өтті аймақ басшысы.

    Бердібек Сапарбаев Меркі ауданыныңактивімен кездесуде жұмыс сапарын қорытындылады. Жиында облыс әкімі жауапты тұлғаларға негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді жақсарту бойынша бірқатар маңызды міндеттер жүктеп, мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру бойынша жұмыстарды жеделдетуді тапсырды.

    қатысты посттар

    Шымкент: емханаларда құрылған мобильді топ 15 мың науқасқа қызмет көрсеткен

    Фариза

    Тараз қаласының әкімі Ғалымжан Әбдірайымов 1 орында

    Жамбыл облысында егілген пияздың 60 пайызы Шу ауданына тиесілі

    Фариза

    Пікір қалдыру

    13 − nine =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.