-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Алматыда балаларды ұрған балабақша тәрбиешісі өз-өзіне қол жұмсады

    Алматыда балабақшада балаларды ұрып-соқты деген тәрбиеші өзіне қол жұмсады. Ақпаратты қалалық Полиция басқармасы растады, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    «Алматы қаласының полиция департаменті 1979 жылы туған азаматша Б-ның өзіне қол жұмсағанын растап отыр. Қазіргі уақытта Жетісу аудандық полиция бөлімі ҚР Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша соталды тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Мән-жай анықталып жатыр», — деді департаменттегілер.

    Бұған дейін Алматыда бейнебақылау камераларына түсіп қалған балабақша тәрбиешісінің әрекеті Қазнет қолданушыларын ашуландырғаны хабарланған еді. Кейін тәрбиеші бап бойынша жұмыстан шығарылғаны айтылды.

    Әлеуметтік желіде балаларға қатыгездік танытқан тәрбиешінің видеосы жарияланды. Басылым авторының айтуынша, балалардың еріні жырылып, денесінде көгерген іздер қалған.

    қатысты посттар

    Қызылордада жасөспірімдер 1-сынып оқушысын бір жыл бойы зорлаған

    Фариза

    Қордайдағы оқиғадан қаза болған Дархан Әбдірахым отбасының жалғыз ұлы болған

    Фариза

    Шымкенттік құтқарушылар мақтаарал ауданының су басқан елдімекендерінде көмек көрсетуде

    Фариза

    Пікір қалдыру

    1 × one =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.