-1.1 C
Алматы
Четверг, 19 марта 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Таразда пойыздың үстінде сэлфи жасамақ болған жасөспірім ажал құшты

    Куәгерлердің айтуынша жасөспірім пойыз вагонының үстіне шығып суретке түспек болған. Алайда жігіттің мұндай экстремалды әрекеті өліммен аяқталды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.

    Ақпарат әлеуметтік желілерде 26 жетоқсан күні тараған. Белгілі болғандай, пойыз вагонының үстіне шығып, сэлфи жасамақ болған жасөспірімді тоқ ұрған. Өкінішке қарай, ол оқиға орнында көз жұмған.

    «Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабы 2-бөлігі бойынша Тараз станциясындағы Желілік полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді (абайсызда адам өліміне әкеп соққан теміржол көлігі қозғалысының қауіпсіздік қағидаларын бұзу). Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Бұл іс бойынша басқа ақпарат ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талаптарына сәйкес тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды», — деді Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.

    қатысты посттар

    «Ренжіме жігітім, маған қыздар ұнайды!» Нұр-Сұлтанда қыздар жалаңаштана шешініп жарысты

    Қостанай облысында туған жездесін бауыздап өлтірген боксшы қылмыстық жазаға тартылмады

    Фариза

    Алматыда 11 мамырдан кейін де периметр бойынша орналасқан блок-бекеттер ашылмайды. Карантин режимі жалғасады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    fifteen + 6 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.