2.6 C
Алматы
Вторник, 10 марта 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    «Еріні жырылып, денесінде көгерген іздер қалған» Алматыдағы балабақша тәрбиешісінің балаларға қатыгездік танытқан видеосы пайда болды

    Алматыда бейнебақылау камераларына түсіп қалған балабақша тәрбиешісінің әрекеті Қазнет қолданушыларын ашуландырды, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Әлеуметтік желіде балаларға қатыгездік танытқан тәрбиешінің видеосы жарияланды. Басылым авторының айтуынша, балалардың еріні жырылып, денесінде көгерген іздер қалған.

    Полиция департаменті мәліметінше, бұл дерек Қылмыстық кодекстің 140-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген.

    «Қылмыстық іс материалы Жетісу аудандық полиция бөлімі өндірісінде. Тергеу деректің мән-жайын зерделеп, тәрбиеші әрекетіне құқықтық баға береді, соған сәйкес ол жауапкершілікке тартылады», — делінген ПД баспасөз қызметі хабарламасында.

    қатысты посттар

    «Рамазан айының 15 күні қатты қорқынышты дауыс келіп, көп адам өліп кетуі мүмкін» Әлеуметтік желіде тараған бұл ақпарат қаншалықты рас?

    Фариза

    «Зайсанға арнайы жасақ келді» Қордайдағы қақтығыс ШҚО-да да орын алуы мүмкін бе?

    Фариза

    Сауд Арабиясы коронавирусқа байланысты қажылыққа келуді уақытша тоқтатты

    Фариза

    Пікір қалдыру

    5 × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.