5 C
Алматы
Воскресенье, 17 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Туризм

    2022 жылы қазақстандықтарға қандай жаңа рейстер қолжетімді болады

    Қазір әуекомпаниялар жазғы навигация жоспарларын келісіп жатыр. 2022 жылы қазақстандықтарға қандай жаңа бағыттар қолжетімді болатыны туралы Қазақстан туризм қауымдастығының мүшелері — туроператорлар мен турагенттер үшін шығу туризмі бойынша қауымдастық департаментінің отырысында белгілі болды, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Kaz.tengritravel.kz порталына сілтеме жасап.

    Әуекомпания өкілдері туристерді тартатын бағыттарға көбірек көңіл бөлінетінін атап өтті. Бұл, негізінен, теңіз бен аралдағы жылы елдер. Air Astana әуекомпаниясының сату жөніндегі менеджері Камила Садырбаева 2022 жылдың жазында қандай рейстер ашу жоспарланғанын айтып берді.

    «Біз Анталияға ұшуды жалғастырамыз. Тбилисиге, Батумиге рейстер санын көбейтіп, Подгорицаны (Черногория — авт.) өткен жылдағыдай ашуды жоспарлап отырмыз. Олардан виза туралы ақпарат күтеміз. Грекия болуы мүмкін, бірақ бәрі де ережелерге байланысты. Бодрумға (Түркия) да жоспарлап отырмыз, бірақ бұл чартер болуы мүмкін. Даламанға да баруымыз мүмкін (Түркия). Мүмкіндік болса, нарықты хабардар етеміз. Алматыдан Санкт-Петербургке жазғы навигациямен жоспарлап отырмыз», — деді ол.

    Сондай-ақ, әуекомпания қазір пандемияға дейінгі көптеген бағытты қалпына келтіргені атап өтілді. Осылайша, Эйр Астана 25 халықаралық бағыт бойынша ұшады. Алайда, ішкі рейстерге сұраныс өскен.

    «Пандемияға дейін 64 ішкі және халықаралық бағыттар болған. Қазір 25 ұшақ, 25 халықаралық бағыт бар. Ішкі бағыттар бойынша барлық рейс толығымен қалпына келтірілді, ал кейбір бағыт бойынша көбірек ұшамыз. 2021 жылдың қаңтар-қазан айларында біз 4,2 миллионға жуық жолаушыны тасымалдадық, олардың 3,4 миллионы ішкі рейстерде», — деді ол.

    FlyArystan әуекомпаниясының сату жөніндегі маманы Елдана Сатышева лоукостер орындайтын рейстер туралы айтып берді.

    «Флай Арыстан қазір аптасына 76 бағыт бойынша 386 рейс орындайды. Бұл Қазақстанның 24 қаласына және Түркістан — Бішкек, Түркістан — Ыстамбұл, Түркістан — Ташкент, Нұр-Сұлтан — Новосибирск, Нұр-Сұлтан — Омбы, Қарағанды — Мәскеу, Шымкент, Ақтау, Дубайға баратын жалпы 14 халықаралық маршрут бар», — деді ол.

    Сондай-ақ, маман лоукостер жолаушыларының жасы мен жынысы туралы қызықты статистикамен бөлісті.

    «2021 жылдың қаңтарынан желтоқсанына дейін тасымалданған жолаушылардың орташа жасы — 34 жас. Біз ерлер мен әйелдердің шамамен бірдей санын анықтадық — сәйкесінше 45 және 42 пайыз, сонымен қатар балалар 10 пайыз және сәбилер үш пайыз болды. Жалпы,  2019 жылдың мамырынан 2021 жылдың желтоқсанына дейін 5 миллион жолаушы тасымалдадық және 5,6 миллион билет саттық», — деді ол.

    қатысты посттар

    Сафариге тегін саяхатта! Qazweek.kz ұйымдастырған байқауға қатысып, жеңімпаз атан!

    Фариза

    QAZWEEK.KZ дарит Мальдивы. Байқау жеңімпаздары

    Фариза

    Тараздың тариxи орындарына саяxат жасауға жаңа мүмкіндік туды

    Пікір қалдыру

    two × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.