Пятница, 23 января 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Қазақстандықтарды қос алаяқ 17 млн теңгеге алдап кетті

    Қазақстандықтарды қос алаяқ 17 млн теңгеге алдап кетті, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    ҚР ІІМ ақпараттық медиа-порталы жыл басынан бері Қарағанды қаласының ПБ-не интернет-алаяқтардың арбауына түсіп қалған қала тұрғындарынан өтініштер түскен. Алаяқтар ақпараттық жүйені пайдалана отырып, шағын несие ұйымдары арқылы 105 мың теңгеден 140 мың теңгеге дейін несие рәсімдеп алып отырған.

    Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктілер – 26 жастағы екі ер адамды анықтап, ұстады. Олар Шымкент қаласының тұрғындары. Күдіктілер банк карталарын пайдаланып, жалпы сомасы 17 миллион теңгеге жуық материалдық шығын келтірген. Іс-әрекеттерін республика бойынша асырған. Күдіктілердің интернеттегі алаяқтық бойынша 150 фактіге қатысы бары анықталып жатыр.Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі

    Полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғады. Сот қылмыскерлерге қамауға алу түріндегі жаза тағайындады. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    қатысты посттар

    78 жастағы қарияны ұрып-соққандар емін-еркін жүр. Полиция оларды қамауға алмаған

    Фариза

    Бүкіл әлем коронавируспен арпалысып жатқанда, Президенттік клиниканың дәрігерлері науқастың өмірін аман алып қалды

    Фариза

    «Қазақтарды ауылға кіргізбейміз!». Полиция өзбек-қазақ арасындағы жанжалға пікір білдірді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    one × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.