14 C
Алматы
Вторник, 24 марта 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Спорт

    Боксшы Қанат Ислам жазаланды

    Бүкіләлемдік бокс ұйымы орта салмақ дәрежесінде бақ сынап жүрген қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Исламды жазалады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Sports.kz сайтының мәлімдеуінше, Бүкіләлемдік бокс ұйымы қазақстандық боксшыны WBO International белдігінен айырды. Қанат Ислам екінші дәрежелі бұл белдікті 2019 жылы намибиялық Уолтер Каутандокваны жеңген сәтте иеленген болатын.

    WBO-ның екінші дәрежелі белдікті тартып алуына Қанаттың ұзақ уақыт бойы белдікті қорғамағаны себеп болуы мүмкін. Боксшы соңғы жекпе-жекте жарақат алғандықтан, біраз уақыт кездесулерден сырт қалған еді.

    Қанат Исламның ендігі жекпе-жегі 2022 жылдың 21 қаңтар күні Флоридада өтеді.

    қатысты посттар

    Жеңілмеген қазақ боксшысы екі чемпиондық белбеуді ұтып алды

    Өзбекстаннан Қазақстанға жүзіп келген азамат ұсталды

    Денис

    «Қызметімнен кетуге дайынмын». Серік Сәпиев жемқорлық күдігіне ілінген орынбасары жайлы пікір білдірді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    four × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.