-3.3 C
Алматы
Суббота, 28 февраля 2026
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Сәуле Омарова АҚШ-тың валюта басқармасы жетекшісі қызметінен бас тартты

    Қазақстан тумасы Сәуле Омарова АҚШ-тың Қаржы министрлігіне қарасты валюта басқармасы жетекшісі қызметіне тағайындалудан бас тартты деп жазады Reuters. Бұл туралы Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq-ruhy порталына сілтеме жасап.

    Еске салайық, бұған дейін АҚШ президенті Джо Байденнің өзі Сәуле Омарованың кандидатурасын аталған қызметке ұсынған болатын. Алайда, Сенатта өткен тыңдау кезінде республикалықтар Омарованы сынның астына алды. Сенат өкілдері оның бұрын коммунист болғанын, КСРО идеологиясын бойына сіңіріп өскенін мәлімдеген. Алайда, Сәуле Омарова өзінің ешқашан коммунистер сапында болмағанын, ал әке-шешесі кеңестік идеологиядан зардап шеккенін айтып ақталды.

    «Мен Сәуле Омарованың валюта басқармасы жетекшісі қызметінен бас тарту туралы өтінімін қабылдадым», — делінген Джо Байденнің мәлімдемесінде.

    Сәуле Омарова 1966 жылы Орал қаласында дүниеге келген. Ол Мәскеу мемлекеттік университетін, Висконсин университетін және Солтүстік-Батыс университетін оқып тәмамдаған. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгерген

    қатысты посттар

    Жаңақорған ауданы: Жайылманың қарбызына Ресейден сұраныс көп

    Фариза

    Қазақстанда азық-түлік бір жылда 10%-ға қымбаттады

    Фариза

    Қырғызстанда қару-жарақ жасырылған қоймадан қазақстандық көлік нөмірі табылды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    18 − five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.