-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Мобильді аударымдар қашан реттеледі және ереже бұзғандар қалай жазаланады?

    Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінде мобильді аударымдарды реттеуге және «мобильді төлемдер» ұғымын енгізуге қатысты басты сұрақтарға жауап берді, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    МКК мәліметінше, екінші деңгейдегі банктерден барлық жеке тұлғалар туралы мәліметтерді тек 2025 жылдан бастап алу болжанып отыр.

    Аударымдар санын анықтау критерийлері банк секторымен бірлесіп әзірленеді.

    «Болжамды критерийлер — бір адамның үш ай қатарынан 80-100 тұлғадан көптеген аударым алуы. Өлшемдерді бекіту жөніндегі нормативтік құқықтық актінің жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланады және жария талқылау үшін қолжетімді болады», — деді Мемлекеттік кірістер комитеті Tengrinews.kz сайтына берген жауапта. 

    Жосықсыз кәсіпкерлерді анықтау үшін банктер тарапынан дәлелдемелік ақпарат жиналады деген болжам бар. 

    «Мәселен, бөлшек сауда объектісінің кассасында аударымдарды қабылдау және телефон нөмірін көрсеткен ақпараттың болуы, тұтынушылардан сатушының ақша аударымын алғаны туралы шағымдарының болуы және фискалдық чектің берілмеуі, ұзақ уақыт бойы кассалық тәртіптің төмендеуі, мемлекеттік кірістердің белгіленген ережелерді сақтау бойынша уәкілетті органдардың талаптары мен ұсыныстарын қайта-қайта елемеу және т.б.», — деп тізілген комитетте.

    Салық кодексінің қолданыстағы нормаларына сәйкес қолма-қол ақшамен есеп айырысу — тауарды сатып алу, жұмысты орындау, қызмет көрсету үшін қолма-қол ақша арқылы жүзеге асырылатын есеп айырысулар және төлем карточкаларын пайдалана отырып есеп айырысу.

    Қателерге жол бермеу үшін мысалы, қайырымдылықтан түскен ақшаны алғандарды шатасып жазаламас үшін, банктер ережебұзушыны анықтаған бойда мемлекеттік кірістер органының мамандары оған хабарлама жібереді деп жоспарланып отыр. Хабарламаны алған салық төлеушілер болжамды заңбұзушылық туралы жазбаша түсініктеме беруі қажет.

    қатысты посттар

    Қызылорда: Шиелідегі күріш диірмендерінің жұмысы жандануда

    Фариза

    Қармақшы ауданы: 40 жоба, 800 жұмыс орны

    Фариза

    Назарбаев әулетін қаржыландырумен айналысқан банк қызметі реформаланады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    thirteen − 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.