Воскресенье, 7 декабря 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    БҚО-да полиция бастығының орынбасары мас күйінде көлік жүргізіп, адам өліміне себепкер болды

    Қайғылы оқиға туралы Батыс Қазақстан облысының полиция департаменті мәлімдеді. 20 жыл құқық қорғау саласында қызмет еткен полицей ішіп алған күйінде рөлге отырып, қарсы бетке шығып кеткен, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.

    «Жол апаты 1 желтоқсан күні кешкі сағат 19:00 шамасында Орал-Тасқала тас жолынан 46 шақырым жерде орын алған. Бір-біріне қарама қарсы бағытта келе жатқан қос көлік бетпе-бет соқтығысқан. Үш жолаушының біреуі көз жұмған, екі адамға медициналық көмек көрсетілді. Медициналық сараптама қорытындысы полиция қызметкерінің алкогольді ішімдік ішкенін анықтады», — деп мәлім етті БҚО Полиция департаменті басшысының орынбасары Нұрлан Рамазанов.

    Полиция мәліметінше, заң бұзып, кісі өліміне себепші болған қызметкер жұмыстан шығарылады. Қазір аталған факті бойынша қызметтік тергеу тағайындалды. ҚР ҚК 345-бабы (абайсызда адам өліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Іс бақылауға алынды. Тәртіп сақшылары қаза тапқан 51 жастағы әйелдің туыстарына көңіл айтты.

    қатысты посттар

    Қасапханада тірідей сойылған 2,5 миллион адамның обалы кімге?

    «Экологиялық апат»: Қапшағай су қоймасында небәрі 5 мың тонна балық қалды

    Фариза

    «Орда» тобындағы ағайынды Беделхановтардың ата-анасы қаза тапты

    Пікір қалдыру

    eight + two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.