Пятница, 8 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    «Тек қолма-қол ақша қабылдаймыз». Мобильді аударымдар тоқтай ма?

    Әлеуметтік желіде қазіргі уақытта жолаушылар тасымалымен айналысатын жеке тұлғалардың, яғни такси жүргізушілеріне мобильді аударымдардан бас тартып, қолма-қол ақшаға көшуге шақыратын ақпараттар тарап жатыр, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Express Qazaqstan порталына сілтеме жасап.

    Осыған байланысты Қаржы министрлігіне қарасты мемлекеттік кірістер комитеті түсініктеме берді.

    Комитет салық заңнамасына мобильді аударымдарды пайдалануға қатысты енгізілген өзгертулер жеке тұлғалардың жеке аударымдарын (кәсіпкерлік мақсатта жүзеге асырылатын мобильді төлемдерден) бөлуге арналғанын айтты. Бұлар бизнес-қоғамдастық пен банктерде бірнеше рет талқыланған.

    Бұл бастамалардың мақсаты — бизнесті цифрлық кеңістікте дамыту. Қолма-қол ақшаға көшуді мүлдем көздемейді. Барлық мәліметтер мемлекеттік кіріс органдарына беріледі екен деген ақпарат та негізсіз. Алаңдауға ешқандай негіз жоқ,

    — делінген комитет таратқан хабарламада.

    2022 жылдан бастап банктерден тек кәсіпкерлік шоттарына түскен төлемдер туралы ақпарат алу жоспарланған. Сондықтан жеке аударымдарға салық салынбайды.

    Ал егер сіз жеке кәсіпкер болсаңыз, салық салу бойынша өзіңізге ыңғайлы режимді таңдай аласыз. Такси жүргізушілері патент негізінде арнайы салық режимін қолданады. Бұл режим табысы жылына 10 миллион 300 мың теңгеден аспайтын жағдайда ғана қолданылады

    — делінген хабарламада.

    Бұдан бөлек, бүгінде бірнеше мобильді қосымша бар. Кәсіпкер соның көмегімен онлайн кассаның мобильді нұсқасын жүктеп, заңды түрде пайдалана алады.

    Ал салық есептілігі e-Salyq Business қосымшасын енгізу арқылы автоматты түрде жасалады. Бұл шаралардың барлығы бизнесті жүргізуді одан әрі жеңілдетуге бағытталған.

    Еске салайық, қабылданған мораторий аясында жеке кәсіпкерлер 2023 жылға дейін табыс салығын төлеуден босатылған.

    Жеке кәсіпкерлердің электрондық есеп айырысу арқылы тапқан табысын реттеу тетігі қарастырылған заң жобасы Сенатта қабылданып, Президенттің қол қоюына жіберілді.

    қатысты посттар

    Бас мемлекеттік санитар дәрігердің жаңа қаулысы жарияланды

    Фариза

    Қызылордада әлеуметтік маркет ашылды

    Фариза

    Қызылордада карантин талабын бұзған 160 адамға айыппұл салынған

    Фариза

    Пікір қалдыру

    7 − three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.