«Омикрон» штамы анықталған елдерден келген адамдар ПТР нәтижесіне қарамастан 7 күн үй карантинінде оқшауланады.
Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов мәлімдеді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Informburo.kz порталына сілтеме жасап.
Коронавирустық инфекцияның «Омикрон» штамының пайда болуына байланысты оны республика аумағына әкелуге жол бермеу мақсатында ведомствоаралық комиссияда 3 желтоқсаннан бастап мынадай шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылданды:
- Ботсвана, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Мадагаскар, Эсватини, Малави, Онтүстік Африка, Танзания және Гонконгтан шетел азаматтарының Қазақстанға келуін шектеу.
- «Омикрон» штамы анықталған Израиль, Чехия, Нидерланды, Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Германия, Австралия, Канада және Египеттен келетін адамдар үшін екпесі бар-жоғына қарамастан міндетті ПТР тестілеудің бар болуын енгізу.
- «Омикрон» штамы анықталған елдерден келген адамдар ПТР нәтижесіне қарамастан 7 күнге үй карантинге оқшаулануы тиіс.
Осыған орай, санитарлық-эпидемиологиялық комитетінің департаменттары, шетелден келген азаматтар туралы ақпаратты жергілікті атқарушы органдарға уақтылы беруді, ал әкімдіктер бұл тұлғаларды поликлиникалар деңгейінде қашықтықтан бақылауды қамтамасыз етуі қажет.
- Бельгияда, Египеттен келген адамнан «Омикрон» штаммынан КВИ жағдайының анықталғанын және Египеттен келетін жолаушылар санын (қараша 13 мыңнан астам адам) ескере отырып, Египетпен әуе қатынасын тоқтата тұру.
- Қазақстанда айналымда жүрген короновирустық инфекция штамдарын секвенерлеу зерттеу жұмыстарын жалғастыру.