-4.1 C
Алматы
Понедельник, 18 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Отбасы

    Баланы ауруханаға жатқызарда нені білу керек? Өзекті 6 сұраққа жауап

    Жыл сайын Қазақстанның медициналық ұйымдарында 500 мыңнан астам бала жатып ем алады.

    Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры балаларды ауруханаға жатқызу тәртібін түсіндірді.

    Баламен бірге ауруханаға ата-анасы жата ала ма?

    Стационарлық көмек көрсету ережелеріне сәйкес, 5 жасқа дейінгі баламен бірге келесі азаматтар ауруханаға жата алады:

    • ата-анасының бірі;
    • әжесі не атасы;
    • кәмелет жасына толған ағасы не әпкесі.

    Баланың ата-анасынан өзгелерде нотариалды куәландырылған сенімхат болуы керек.

    Гематологиялық онкологиямен ауыратын науқастарға 18 жасқа дейін ересек адамның сүйемелдеуімен ауруханаға жатуға рұқсат етіледі. Сондай-ақ, жекелеген ауыр жағдайларда 5 жастан асқан балалар да аурухана бөлімшесінің меңгерушісінің рұқсатымен ересек адаммен бірге ауруханаға жата алады. Мұндай ересек адамдар қажет болған жағдайда еңбекке уақытша жарамсыздық парағын алуға құқылы.

    Бұл үшін қандай анықтамалар қажет?

    Жоспарлы емдеуге жатқызуды науқастың тұрғылықты жері бойынша учаскелік дәрігер ресімдейді. Стационармен жоспарлы емдеуге жатқызу күні расталған кезде учаскелік дәрігер қажетті зерттеулер мен талдаулардың нәтижелері бар баланың медициналық картасынан үзінді көшірме жасайды. Бұл тізбе медициналық көмектің бейініне байланысты ерекшеленуі мүмкін, мысалы, Педиатрия және хирургия ғылыми орталығының міндетті тізіміне мынадай құжаттар кіреді: бала үшін:

    • стационарға емдеуге жатқызуға жолдама;
    • портал бойынша жоспарлы емдеуге жатқызу талоны;
    • баланың даму тарихынан үзінді;
    • егу картасы;
    • соңғы айдағы баланың эпидемиологиялық ортасы туралы анықтама;
    • қышыма, дерматомикоз, педикулез, жалпы қан талдауы;
    • микрореакцияға қан;
    • бак. патогенді флораға нәжіс;
    • гепатит вирусына маркерлер;
    • АИТВ-ға қан;
    • Covid-19-ға ПТР;
    • гельминт жұмыртқаларына қырынды.

    Еріп жүретін ересек адам үшін:

    • флюорография;
    • микрореакцияға қан;
    • гельминт жұмыртқаларына қырынды;
    • Covid-19-ға ПТР.

    Баламен бірге жататын ересек адамға тамақ беріле ме?

    Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексіне сәйкес бейініне қарамастан кез келген ауруханада бір жасқа дейінгі баланы емізетін ана сол жерде жатқан барлық кезеңде тегін тамақпен қамтамасыз етіледі. 5 жасқа дейінгі балаларды ертіп жүретін адам төсек орынмен қамтамасыз етіледі.

    Қандай жағдайда ересек адамның баламен бірге жатуына жол берілмейді?

    Бала күтімі жөніндегі стационарға жіті инфекциялық аурулар, оның ішінде туберкулез, Covid-19 белгілері бар, сондай-ақ психикалық, тері-венерологиялық аурулары, алкоголизм, нашақорлық, 24 аптадан астам жүктілік жағдайындағы, 65 жастан асқан адамдар жіберілмейді.

    Туыстардың келуі мен сәлемдеме қабылдау ережесі қандай?

    Covid-19 бойынша карантиндік шараларға байланысты стационарлар туыстарына келу және сәлемдемелер қабылдау ережелерін қайта қарады. Мысалы, ПБХҒО кіре берісінде туыстардан сәлемдемелер қабылдау пункті ұйымдастырылды. Берілетін пакеттерді сыртқы өңдеуден кейін оны әрбір пациентке палатаға дейін жеке жеткізу жүргізіледі.

    Ауруханаға қандай заттар апаруға болады?

    • Құжаттар: ауруханаға жатқызуға жолдама, талон, ауру тарихынан үзінді, баланың туу туралы куәлігі, ересек адамның жеке куәлігі, амбулаториялық карточка және пациенттің ауруына байланысты тексеру нәтижелері.
    • Стационарға арналған киім.
    • Ауыстырылатын аяқ киім: тәпішке (резеңкеден болғаны дұрыс).
    • Жеке гигиена құралдары. 
    • Ұялы телефон және қуаттағыш.
    • Жеке ыдыс-аяқ (қажет болса).

    Дереккөз: Informburo.kz

    қатысты посттар

    «Баламның мінезі өзгеріп кетті». Жасөспірімдердің ата-анасына арналған 10 кеңес

    Фариза

    «Қыздығын алсам болды әйелім болады деп зорлап тастайды»: Психолог қазақ жігіттері туралы

    Өз қызын зорламақ болған педофил құрбан болып, анасы баласын қорғағаны үшін түрмеге жабылуы мүмкін

    Пікір қалдыру

    seventeen − 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.