-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Коронавирус

    Билл Гейтс 2022 жылы COVID-19-дан өлім-жітім саны төмендеуі мүмкін екенін айтты

    Гейтс болашақта пандемия қаупін азайту үшін ғалымдарға алдымен тұмау ауруын жоюды ұсынды.

    Билл Гейтс 2022 жылдың ортасына қарай COVID-19-дан өлім-жітім саны тұмау деңгейіне дейін төмендеуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz порталына сілтеме жасап

    Сингапурда өтіп жатқан «Жаңа экономикалық форумда» сөз алған миллиардер иммунитет пен дәрі-дәрмектің арқасында короновирустан көз жұму саны күрт төмендеуі керек деген пікірді алға тартты.

    Гейтстің айтуынша, 2022 жылы халықты вакциналауға қатысты шектеулер өзгереді. Өйткені жеткізу мәселелері шешіліп, оларды тарату мен бөлу жағы ғана мәселе боп қалады. Сонымен қатар Майкрософт негізін қалаушы алдағы уақытта орталық және Оңтүстік Африка елдерінде вакцинаға сұраныстың артатынын айтты.

    Бұдан бөлек Гейтс болашақта пандемия қаупін азайту үшін ғалымдарға алдымен тұмау ауруын жоюды ұсынды.

    Айта кетейік, қыркүйек айында Бил Гейтс алдағы уақытта әлем COVID-19 пандемиясынан он есе қауіпті дертпен күресуге дайын болу керектігін мәлімдеген еді. Оның пікірінше, коронавирус та жер сілкінісі, торнадо немесе климаттың өзгеруі секілді қалыпты жағдайға айналды.

    қатысты посттар

    ДДCҰ: коронавирус пандемиясынан кейін психикалық ауытқулар пандемиясы келеді

    Фариза

    Әкімшілік қызметкерлері біркүндік еңбекақыларын еліміздегі коронавирустың таралуына қарсы күреске көмек ретінде аударуға шешім қабылдады

    Фариза

    Қазақстанда карантин уақытында Халыққа қызмет көрсету орталығы жұмысын тоқтатады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    6 + 8 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.