-12.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Отбасы

    «Баламның мінезі өзгеріп кетті». Жасөспірімдердің ата-анасына арналған 10 кеңес

    Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары 12-18 жас аралығын жасөспірім кезеңі деп анықтаған. Қазақта мұны өтпелі кезең деп атайды.

    12–18 жас аралығындағы балаңыз кенеттен өрескел қылық шығарып, әдепсіздік таныта бастаса, үйде сирек болып, құпиясын бөлісуді тоқтатса және өз бөлмесінде жиі жалғыз қалуға тырысатынын байқасаңыз, бұл – балаңызда өтпелі кезеңі басталды деген сөз.

    Информбюро тілшісі жасөспірім ата-анасына арналған құнды кеңестер топтамасын жасады. 

    «Отбасынан кету»  процесі

    12-18 жас аралығындағы балаларда ересектерге тән мінез-құлық пайда бола бастайды, жыныстық даму басталады және психикасында толық әлеуметтік-экономикалық тәуелділіктен салыстырмалы әлеуметтік тәуелсіздікке ауысу процесі жүреді.

    Бұл – табиғи процесс. Кейде мұны басқа сөзбен «отбасынан кету» деп те атайды. Физикалық тұрғыдан алғанда, бала әлі де ата-анасымен бірге өмір сүре береді, оларды жақсы көреді. Бірақ, психологиялық тұрғыдан бала ата-анасынан бөлініп, құрдастары мен қоғамға қарап бой түзей бастайды. Осы кезде бала әлемді жаңадан ашады. Көп тәжірибе жасайды, әртүрлі мінез-құлық үлгілерін сынап көреді.

    Баланың есеюі кезінде ата-аналар да «өзгеріс» кезеңін бастан өткереді. Осы сәтте көптеген ата-ана өзін және баласының сезімін түсінбей абдырағанын байқайды. Кейде ата-анаға баласының жақында есейетінін, жасөспірім екенін қабылдау қиынға соғады. «Бірбеткей баланы қалай тәрбиелеу керек? Өсу мен салауатты дамуды қолдау үшін қандай әдістерді қолдану керек? Абдырамауға және беделімді қалай сақтауға болады?» деген сұрақтар туындайды.


    Жасөспірімнің ата-анасына арналған ұсыныстар:

    №1. Балаңызға сүйіспеншілік, қауіпсіздік және қолдау атмосферасын құруды жалғастырыңыз. Сізбен және балаңызбен басқалар қандай қарым-қатынас орнатқанын қаласаңыз, сіз де балаңызбен дәл сондай қарым-қатынас орнатыңыз;№2. Балаңызбен шетін тақырыптар туралы сөйлесуге уақыт табыңыз. Есею кезінде кез келген адамның басынан өтетін жағдайлар жөнінде ашық сөйлесіңіз. Мысалы, жыныстық даму, жеке гигиена, қызығушылық пен хоббиден бастап, мектептегі, колледждегі ерекше жағдайларға дейін айтыңыз. Кейбір маңызды сұрақтарға жауап бере алмасаңыз, ұялмастан мамандарға (дәрігерлерге, психологтарға, мұғалімдерге) жүгініңіз;№3. Есейіп келе жатқан балаңызды құрметтеңіз, сынамаңыз. Оны құрдастарымен және басқа адамдармен салыстырмаңыз;№4. Балаңызға кішіпейіл және қамқор болыңыз, оның не қалайтынын, қажеттіліктері туралы сұраңыз. Жасөспірімнің эмоционалды жағдайына назар аударыңыз. Эмоционалды, менталды және физикалық байланыс орнату үшін мүмкіндігінше жиі уақыт бөлуге тырысыңыз. Бірге отбасылық фильм көру, табиғатта серуендеу, таңертең жүгіру, бірлескен таңғы және кешкі ас және т. б.;№5. Алкоголь, есірткі және жыныстық мінез-құлыққа қатысты ұстанымыңызды нақты білдіріңіз;№6. Балаңыздың жетістіктеріне шын қуаныңыз. Жұмыс және өз бетінше шаруашылық жүргізу; білім алу мақсатында басқа қалаға, елге көшу  сынды отбасынан «шығудың» адекватты тәсілдерін қолдаңыз және оны ынталандырыңыз;№7. Есіңізде болсын, бала ата-ананың үлгісін қайталайды. Онымен қарым-қатынаста дөрекілік танытсаңыз, келекелесеңіз немесе қол жұмсасаңыз, баланың дәл солай істейтініне таң қалмаңыз;№8. Жасөспірімнің жеке шекарасын бұзбаңыз, оның бөлмесін тазаламаңыз, заттарының орнын ауыстырмаңыз, қалтасын, сөмкелері мен хат-хабарларын тексермеңіз, күнделіктерін оқымаңыз.

    Баланың бойынан ұзақ депрессиялық күй, денесінің зақымдалуы, тамыр маңындағы инъекция ізі, кеңістіктегі бағыттан адасу, түсініксіз сөйлеу, айқын себептерсіз агрессивті мінез-құлық және т.б. қауіпті белгілер байқасаңыз ғана балаңыздың заттарын: бөлмесін, сөмкесін, қалтасын, компьютерін, тіпті күнделіктерін тексере аласыз. Олай істемес бұрын, жеке заттарын тексерудің себебін түсінуі үшін баламен сөйлесіңіз. Мысалы, балаға: «Соңғы кезде мазасызданып жүргеніңді байқадым. Саған көмектескім келеді. Мұны тек сен үшін және денсаулығың үшін қатты уайымдағанымнан істедім», деп түсіндіріңіз. №9. Жасөспірім енді кішкентай бала емес, бірақ ересек адам да емес. Оны жаныңызда «байлап» ұстаудың қажеті жоқ. Сонымен бірге, қажет болса, қолдау көрсету үшін, оған дер кезінде қол ұшын беру де маңызды.№10. Жасөспірімнің ата-анасы үшін ең бастысы «өзгеріс» кезеңінде отбасының әрбір мүшесі жағдайдың салдары үшін алаңдамай, өз пікірін ашық білдіре алатындай, жан тыныштығын және отбасындағы сенімді қарым-қатынасты сақтау қажет.

    Ата-анаға кеңес: ашулансаңыз, өзіңізге қалай көмектесуге болады?

    Есею кезінде бала өзін өзгеше ұстай бастайды. Олар әдепсіздік таныта алады, темекі шегіп, алкоголь ішіп көре алады. Ересектер не істесе, соны қайталауы мүмкін. Осы кезде кей ата-ананың шыдамы таусылатыны заңды. Мұндай кезде не істеу керек? Өз-өзіңізді қолға ұстай алмай жатқаныңызды сезсеңіз, өзіңізге қалай көмектесуге болады?


    • Ренжігеніңізді немесе ашуланғаныңызды мойындаңыз;
    • Не сезінетініңізді дауыстап айтуға тырысып көріңіз;
    • Эмоционалды күйіңізді қалпына келтіру үшін өзіңізге біраз уақыт бөліңіз. Қалпыңызға келу, көңіліңізді басқа жаққа аудару үшін біраз уақыт жалғыз қалыңыз, көшеде жүре тұрыңыз, жүгіріңіз, көршілеріңізбен басқа тақырыпқа сөйлесіңіз, ванна қабылдаңыз, терең тыныс алыңыз. Ең бастысы, тынышталғанша балаңыздан алшақтап, біраз уақыт басқа жаққа кетіңіз;
    • Эмоционалды тепе-теңдікті қалпына келтіру үшін өзіңіз сенетін және балалары өсіп қалған достарыңызға немесе кәсіби маманға хабарласыңыз, балаларды тәрбиелеу туралы кітап оқыңыз

    Кеңестер  Қазақстандағы БҰҰ (ЮНИСЕФ) Балалар қоры өкілдігінің жәрдемімен шыққан «12-18 жас аралығындағы жасөспірімдерге жақсы ата-ана болуды үйренеміз» кітабынан алынды.

    Источник: Informburo.kz

    қатысты посттар

    Баланы ауруханаға жатқызарда нені білу керек? Өзекті 6 сұраққа жауап

    Фариза

    12 жасқа дейінгі баланы жалғыз қалдырған ата-аналар жауапқа тартылады

    Фариза

    «Қыздығын алсам болды әйелім болады деп зорлап тастайды»: Психолог қазақ жігіттері туралы

    Пікір қалдыру

    seventeen + three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.