-6.1 C
Алматы
Четверг, 14 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Атырау облысында кісі қолынан қаза тапқан 35 жастағы әйелдің артында жеті баласы қалды

    Атырау облысының Құлсары қаласында 25 жастағы жігіт пышақтап өлтірген жеті баланың анасы еден жуушы болып істеген. Әрі жеті балаға мемлекеттен 74 мың теңге жәрдемақы алған, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Express Qazaqstan порталына сілтеме жасап.

    Кісі қолынан қаза тапқан 35 жастағы әйелдің артында жеті баласы қалды. Кенжесі — бес жастағы баласы балабақшаға барса, үлкені — колледж студенті. Ерлі-зайыптыларды Жылыой аудандық әкімдігі бірнеше рет жұмысқа орналастырған. Алайда жұмысқа жиі келмей қалып, кейін одан шығып кеткен. Соңғы уақытта күйеуі жұмыссыз жүріп, әйелі еден жуушы болып істеген.

    «Бұл отбасының жағдайын жақсы деп айта алмаймын. Қарапайым, орташа отбасы ғой. Жолдасы кейде арақ ішіп, әйеліне қол көтеретін еді. Тіпті полицияға арыз жазғанын да естідік. Әр жерде жұмыс істеп, балаларын асырап жүрді. Оны өлтіріп кетті дегенде қатты таңғалдық. Көшедегі ұры өлтірді деп айтайын десек, ақшасы да болмады. Естуімізше, өлтірген жігітті бұрыннан да таниды екен. Екеуі ұзақ әңгімелесіп, кейін жігіт әйелге пышақ сұққан. Қансырап, оқиға орнында қайтыс болды, — дейді марқұмның туысы.

    Туысының айтуынша, әйелдің атында екі несие болған. Ол несиені не үшін алғаны белгісіз. Сондай-ақ жеті баласына ай сайын 74 мың теңге жәрдемақы алып тұрған. Бірақ соңғы кездері атаулы әлеуметтік көмекті алмаған.

    Күйеуінен таяқ жеген әйелі полицияға шағым түсірген. Полиция қызметкері оны ұстап, хаттама толтыратын кезде, әйелі кешірім беріпті. Бірақ тәртіп сақшысы қорғау нұсқамасын беріп, әйелдің қасына жақындауға тыйым салған,

    — дейді туысы.

    Жылыой аудандық әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нұржарық Сауытовтың айтуынша, ерлі-зайыптылар бір жұмыста ұзақ істемеген.

    «Әрине, жеті баланы асырау оңай емес. Сол себепті қайырымдық шаралары кезінде көмектесіп, тамақтарын апарып тұрамыз. Ай сайын балаларға төленетін жәрдемақыны алды. Одан бөлек еңбекақылары болды. Сол себепті мемлекет бұл отбасыға атаулы әлеуметтік көмекті төлемеді. Біз осы көмекті көрсету үшін, екеуін жұмысқа орналастырдық. Алайда жұмыстан жиі шығып кетеді. Қолдан келгенше көмек көрсеттік. Өздеріне тиесілі қаржылай көмектің бәрін алды. Дені сау жолдасы жұмыс істемейді. Қанша жерден жұмыс ұсынсақ та, шығып кете береді», — дейді Нұржарық Сауытов.

    Балалар енді аудандық әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қадағалауында болып, оларға барлық көмек көрсетіледі. Жеті баланы анасыз қалдырған 25 жастағы күдікті ұсталып, қамауға алынды. Полиция қызметкері бұл қылмысты 50 минутта ашып, күдіктіні лезде ұстаған. Ол өз қылмысын мойындады.

    қатысты посттар

    Павлодарда жыртылған ту желбіреп тұр

    Мас кезінде ұлының жөргегін ауыстырғысы келген ер адам алты айлық ұлын абайсызда өлтіріп алды

    Фариза

    Бас прокуратура: Қытай Сайрагүл Сауытбайды қайтаруды сұрап отырған жоқ

    Пікір қалдыру

    eighteen − 11 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.