Понедельник, 15 сентября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Мәскеуде қазақстандық пранкерлер 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды

    Мәскеуде таксиге пранк жасаған қазақстандық блогерлер 3,5 жылға сотталды. Сот үкімі шыққанда айыпталушылардың жақындары жылап жіберді. Қыздардың реакциясы түсірілген видеоны SHOT Тelegram-арнасы жариялады, — деп хабарлайды  Qazweek.kz ақпарат агенттігіTengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    «Жаным, бәрі жақсы болады, сенші, жарай ма? Мен сені қатты жақсы көремін, күтемін», — дейді қыздардың бірі сүйіктісіне.

    «Бәрі жақсы болады. Бекем бол», — дейді қыздар жігіттеріне.

    Айта кетейік, 25 қарашада Мәскеуде сот қазақстандық блогерлер Рамир Хасанов, Айдын Түсіпов және Ерсін Дүмшебайды таксиді айдап әкетуге қатысты пранк жасағаны үшін бас бостандығынан айырды.

    2021 жылғы наурызда жастар «Москва-Сити» сауда орталығына премиум такси шақырған. Құны 3,5 миллион рубльден асатын көлік тапсырыс берілген орынға келген. Жүргізуші олардың өтініші бойынша сөмкелерді жүксалғышқа салып жатқанда, айыпталушылардың бірі жолаушы орындығына отырған, екіншісі көлік тізгініне отырып, кетіп қалған.

    Үшіншісі кетіп бара жатқан шетелдік көлікті және көлік иесінің реакциясын түсіріп алған. Бірнеше минуттан кейін күдіктілер қайтып келіп, жүргізушіге осылайша пранк жасағанын түсіндірген. Сол күні қазақстандықтар ұсталды, тәртіп сақшылары қылмыстық іс қозғады.

    қатысты посттар

    Мені қайтадан түрмеге қамауы мүмкін – Жәкішев

    Фариза

    Түркістан облысында жоғалған бала арықта ұйықтап қалған жерінен табылды

    Фариза

    Мешіт мүфтилері коронавирустың таралуын тоқтату үшін құрбандық шалды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    sixteen − 13 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.