-5.1 C
Алматы
Вторник, 26 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Дәрігерлер жалақысы 561 мың теңгеге дейін көтеріледі – Тоғжанов

    ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов медицина қызметкерлерінің жалақысын көтеру жөнінде қойылған депутаттық сауалған жауап берді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.

    «2023 жылға қарай медицина қызметкерлерінің жалақысын экономикадағы орташа жалақыдан 2,5 есеге дейін, яғни 561 мың теңгеге дейін арттыру жоспарланып отыр», — делінген Ералы Тоғжановтың берген жауабында.

    Бұл мақсаттарға 2021 жылға – 222,3 млрд теңге, 2022 жылға – 361,7 млрд теңге, 2023 жылға – 557,4 млрд теңге сомасында қаражат көзделген, оның ішінде: республикалық бюджет қаражаты есебінен 2021 жылы – 156,8 млрд теңге, 2022 жылы – 255,1 млрд теңге, 2023 жылы – 393,1 млрд теңге, МӘМС қаражаты есебінен 2021 жылы – 65,5 млрд теңге, оның ішінде: 2022 жылы – 106,6 млрд теңге, 2023 жылы – 164,4 млрд теңге.

    Сондай-ақ, медицинаның өзге де салаларында жұмыс істейтін мамандар жалақысын арттыру мәселелері пысықталды. 2021-2023 жылдарға республикалық бюджеттен өзге салаларда жұмыс істейтін 19 мыңнан астам медицина қызметкерінің жалақысын көтеру үшін қаражат көзделген.

    қатысты посттар

    «Газпром» АҚ директорлар кеңесінің құрамына Тимур Құлыбаевтың кандидатурасы ұсынылды

    Фариза

    Қызылорда: 96 шалғай ауылда жоғары жылдамдықты интернет орнатылады

    Фариза

    Қызылордада карантин режимі күшейтілді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    three × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.