13.1 C
Алматы
Суббота, 4 октября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Қаскелеңде жүкті әйел 3-қабаттан секіріп кетпек болды

    Алматы облысына қарасты Қаскелең қаласында жүкті әйел перзентхананың үшінші қабатынан секіріп кетпек болды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq Ruhy порталына сілтеме жасап.

    Жантүршігерлік оқиға туралы ақпарат Instagram желісінде жарияланған. Белгілі болғандай, жүкті келіншек перзентхананың үшінші қабатынан секіріп өлмек болған. Алайда дәрігерлер оны дер кезінде құтқарып қалған.

    Өзіне қол салып, өмірмен қош айтысқысы келген жас келіншектің мұндай қадамға не үшін барғаны әзірге белгісіз.

    «Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (Өзiн-өзi өлтiруге дейiн жеткiзу) бойынша іс қозғалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр», — делінген Алматы облыстық Полиция департаментінің баспасөз мәліметінде.

    қатысты посттар

    Жалақы көрмеген жұмысшылар наразылығы: Жыл басталғалы көк тиын көрмедік

    Алматыда 11 мамырдан кейін де периметр бойынша орналасқан блок-бекеттер ашылмайды. Карантин режимі жалғасады

    Фариза

    Қазақстанның жаңа Үкіметі қалай өзгерді?

    Пікір қалдыру

    3 × 4 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.