-13.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    «Бюджетте ақша жоқ деп отыра бермек» Ерлан Смайлов Еңбек министрлігін сынға алды

    Мәжіліс отырысында депутаттар халықтың аз қамтылған топтарының әлеуметтік жағдайын көтерді. Депутат Ерлан Смайлов мүгедектік, жүктілік, босану мен 1 жасқа дейінгі бала күтімі бойынша үйде отырған аналарға, көпбалалы отбасыларға төленетін жәрдемақыларды арттыруды ұсынды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Express Qazaqstan порталына сілтеме жасап.

    2022 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде ең төменгі жалақы қазіргі 42 500 теңгеден 60 000 теңгеге дейін, яғни 41 пайызға артады. Алайда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жәрдемақылар мен ең төменгі зейнетақыны өсіру мәселесін көтерген жоқ.

    Еңбек министрлігі 2022-2024 жылдарға арналған бюджет жобасында әлеуметтік жәрдемақылардың барлық түрін 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 5 пайызға арттырмақ. Бұл өсім күнде қымбаттап жатқан азық-түлік пен киім, қызмет пен тарифтердің бағасын жаппайды,

    — дейді Ерлан Смайлов.

    Депутат 5 пайызға өскен жәрдемақылар көлемін де айтты. Мәселен:

    • Мүгедектігі бойынша жәрдемақы: 1-ші топ — 69 155 теңге, 2-ші топ — 55 108 теңге, 3-ші топ — 37 459 теңге.
    • Бала 1 жасқа толғанға дейін оның күтіміне ай сайын берілетін жәрдемақы: бірінші балаға — 17 643 теңге, екінші балаға — 20 860 теңге, үшінші балаға — 24 045 теңге, төртінші және одан көп балаға — 27 261 теңге.
    • Бала тууына байланысты біржолғы жәрдемақы: бірінші, екінші, үшінші бала туғанда — 116 394 теңге, төртінші және одан көп бала туғанда — 192 969 теңге.
    • Көп балалы отбасыларға жәрдемақы мөлшері: 4 баласы бар отбасыларға — 49 100 теңге, 5 баласы бар отбасыларға — 61 383 теңге, 6 баласы бар отбасыларға — 73 666 теңге, 7 баласы бар отбасыларға — 85 948 теңге, 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға әр балаға 12 252 теңгеден.

    «Бұл жәрдемақылар сапалы өмір сүру үшін жетпейтіні анық. Бұл ретте Еңбек министрлігінің енжар ұстанымы таң қалдырады. Халықты қорғап, Үкімет пен министрліктер алдында мәселе қойып, шешім іздеудің орнына, «бюджетте ақша жоқ» деп отыра бермек. Оларды «бюджетті халықтан қорғау министрлігі» деп қайта атайтын кез келді», — деді Ерлан Смайлов.

    Министрлік жұмысын сынға алған депутаттар келесі ұсыныстар айтты:

    1. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік арнайы жәрдемақылардың, сондай-ақ ең төменгі зейнетақының мөлшерін ұлғайту.

    2. Еңбек министрлігі өзінің мақсатын еске түсіріп, халықтың әлеуметтік және еңбек саласындағы мәселесін қорғап, шешу жолдарын көрсету.

    3. Баланың өмірлік, физиологиялық, білім беру, әлеуметтік, мәдени және спорттық қажеттіліктеріне жауап беретін балалар тұтыну қоржынын әзірлеу және енгізу.

    4. Мүгедектігі бар адамдарды, ана мен баланы, зейнеткерлерді, жас отбасыларды және басқаларды қолдауға бағытталған барлық шаралардың нәтижесін талдап, бағалау жүргізу.

    5. Бюджет қаражатын игеруге және басшылар мен орындаушылардың дербес жауапкершілігін байланыстыра отырып, мемлекеттік органдардың қызметін бағалаудың сапалық индикаторларын әзірлеу.

    қатысты посттар

    Шағын және орта бизнес салықтар мен әлеуметтік төлемдерден 6 айға дейін босатылады

    Фариза

    Даурен Абаев: Бұл жағдай қазақстандықтарды оңай алдауға болатынын көрсетеді

    Фариза

    «Билік халықтың өмірін қиындататын, ақымақ жолды таңдап алды» — Мұхтар Тайжан салық табысына байланысты өзгеріске пікір білдірді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    2 × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.