13 C
Алматы
Сәрсенбі, 1 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Билік және саясат

    Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Төрағасы лауазымын Тоқаевқа тапсыруға шешім қабылдады

    Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы Төрағасы лауазымын Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа өткізу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Azattyq Rýhy порталына сілтеме жасап.

    Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібаев өзінің Twitter-парақшасында жазды.

    Еске салайық, Нұрсұлтан Назарбаев президенттіктен кеткеннен кейін «Nur Otan» партиясының Төрағасы лауазымында қалған еді.

    Қазақстанның Тұңғыш Президенті «Nur Otan» партиясына 22 жыл жетекшілік етті.

    Бүгін партияның Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында «Nur Otan» партиясының Төрағасы лауазымы ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа берілді.

    қатысты посттар

    “Ерлан мырзаға сол жетіспейді” – Айгүл Орынбек Шымкент әкіміне қатысты ойын айтты

    “Мен де адаммын” Бақытжан Сағынтаев отставкасы талап етілген петицияға қатысты пікір білдірді

    Фариза

    Алматыда арнайы жасақ көшелерді қоршауға алып, тұрғындардың өтуіне кедергі жасауда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    six + two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.