1 C
Алматы
Суббота, 15 марта 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    «Менің де өмір сүргім келмейді»: Алматыда суицид жасаған келіншектің күйеуі отбасы туралы айтты

    Алматыда көппәтерлі үйдің тоғызыншы қабатынан балаларымен бірге секірген келіншектің күйеуі сұхбат берді, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Informburo ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

    Нұрсұлтан Оразовтың айтуынша, олар бақытты өмір сүрген, ал әйелі суицид жасаған күні ол үйінде болмаған екен.

    «Біз бақытты өмір сүрдік. Бірақ жұмыссыз едік. Әйелім үйде балалармен отырды. Ал мен қара жұмысшымын, базарда жұмыс істедім. Қазір еш жерде жұмыс істемеймін. Оқиға болған уақытта үйде болған жоқпын», — деді ол.

    Оның айтуынша, әйелінің мұндай қадамға баруына ешқандай себеп болмаған. Өйткені отбасында бәрі жақсы болды. Олар Алматыда алты жыл тұрған екен.

    «Біз тұрғын үйді жалға алдық, жалақымыз аз болды. Ата-анамыз да жұмыссыз, үйде, олар Шымкентте тұрады. Менде білім жоқ. Бізде ешнәрсеміз жоқ, әлеуметтік көмек те берілмеді. Қатаң карантин болған кезде де көмек сұрадық, бірақ бізге берілмеді. ХҚО-ға, әкімдікке, әйелім барлық жерге жүгінді. Олардың бәрі көмек көрсетуден бас тартты. Үш балам бар еді, кіші ұлым екі жаста, үлкені алты жаста және ортасындағы қызым бес жаста болды. Енді олар жоқ. Қазір менің де өмір сүргім келмейді», — деді ол.

    қатысты посттар

    «Мені адам құрлы көрмей, дөрекі сөйлеп тұрсыз» Бозымбаевтың тұрғындармен әңгімесі видеоға түсіп қалды

    Фариза

    «Ұлымның тірі екенін сеземін»: Елордада отбасы 9 жыл бұрын жоғалып кеткен баласын әлі іздеп жүр

    Фариза

    Оралда өгей әкесі қызын сіңлісінің көзінше зорлады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.