4 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Вакцинадан кейін үндістандық сарбаздың қайтыс болғаны туралы ақпарат тарауда

    Қазақстанда тараған видео 21 тамызда Үндістанда төзімділік жарысы кезінде түсірілген. Қатты ыстық пен ауаның ылғалдығына байланысты 34 сарбаз есінен танып қалған

    Қазақстандықтар Telegram мессенджерінде COVID-19-ға қарсы вакцина алған сарбаздардың жаппай қайтыс болғаны айтылатын видео таратып жатыр. Желідегі видеода расымен де әскери қызметкерлер мен оларға көмек көрсетіліп жатқан сәт түсірілген. Алайда оның Қазақстанға да, коронавирусқа қарсы вакцинаға да ешқандай қатысы жоқ, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі StopFake.kz порталына сілтеме жасап.

    Бұл видео 2021 жылдың тамызында ағылшын тілді ортада көп тараған. Оған сипаттама ретінде видеодағы әскерилердің COVID-19 инфекциясына қарсы вакцина алғаны, олардың кенеттен қайтыс болуына да вакцина себеп болғаны жазылған.

    Ал шындығында бұл видео биыл 21 тамызда Үндістанда төзімділік жарысы кезінде түсірілген. Қатты ыстық пен ауаның ылғалдығына байланысты 34 сарбаз есінен танып қалған. Жарыстың 72 сағатқа созылғаны белгілі және сарбаздар есінен танбас бұрын 10 шақырымды толық жабдық пен қару-жарақты көтеріп жүріп өткен.

    Зардап шеккен сарбаздың барлығы ауруханаға ыстық өткен деген диагнозбен жеткізілді. Ішінде бір сарбаз қайтыс болды, бірақ оған COVID-19 инфекциясына қарсы вакцинаның еш қатысы жоқ.

    қатысты посттар

    Карантин: Қызылордада 3500-ден астам кәсіп иесіне ескерту жасалды

    Фариза

    Биылғы мемлекеттік грант иегерлерінің толық тізімі жарияланды

    Алматыда тегін дәрі-дәрмектердің тізімі кеңейтіледі

    Фариза

    Пікір қалдыру

    20 − 9 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.