Пятница, 14 марта 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Оқиға

    Ақмола облысында газ баллоны жарылды: үш адам көз жұмды – видео

    Оқиға орнынан 3 адамның мәйіті табылды. Тағы он адам түрлі дене жарақаттармен аудандық орталық ауруханаға жеткізілді

    Ақмола облысындағы Шортанды кентінде газ баллоны жарылып, үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Sputnik Қазақстан порталына сілтеме жасап.

    Ресми мәліметке сәйкес, қайғылы оқиға 16 қарашада кешкі сағат 21:38-де Линейная көшесінде болған. Барақ үлгісіндегі салынған үйде газ жарылып, арты өртке ұласқан.

    Тілсіз жау 350 шаршы метрге шарпыған.

    «Өртті сөндіруге төтенше жағдайлар департаментінің 35 қызметкері мен 7 техникасы, «Жер Ана» ЖШС МЕӨҚҚ-ның 4 қызметкері мен 1 техникасы тартылды. Түнгі сағат 23:55-те өрт толық сөндірілді «, — дейді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

    Оқиға орнынан 3 адамның мәйіті табылды. Тағы он адам түрлі дене жарақаттармен аудандық орталық ауруханаға жеткізілді.

    В Шортанды взорвался газовый баллон
    © PHOTO : ДЧС АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ
    Ақмола облысында газ баллоны жарылды

    Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр. Ақмола облыстық полиция департаментінде жедел тергеу тобы құрылды. Өрт зертханасының мамандары да тартылып отыр.

    Осы орайда төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға тұрмыстық газ баллонын қолдануда өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырды.

    қатысты посттар

    900 жылдық тарихы бар Құдай-Ана ғибадатханасы өртке оранды (фото, видео)

    Түркістан облысын апаттан көз ашпады: қатты дауыл 17 үйдің шатырын ұшырып әкетті(видео)

    Фариза

    Алматы облысының тұрғыны үш ауылдасын пышақтап тастады

    Пікір қалдыру

    twenty + 6 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.