-14.1 C
Алматы
Четверг, 26 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Үкімет басшысы әлеуметтік азық-түлік тауарларының бағасын реттеудегі Жамбыл облысының тәжірибесін үлгі етті

    Премьер-Министр Асқар Мамин Үкіметтің Цифрлық кеңсесінде орталық мемлекеттік органдар басшыларының және өңірлер әкімдерінің қатысуымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағаларын реттеу мәселелері бойынша кеңес өткізді. Кеңесте Үкімет басшысы Жамбыл облысындағы бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды оң бағалап, өзгелерге үлгі ретінде ұсынды.

    Мен апта басында жұмыс сапарымен Жамбыл облысында болып, осы бағыттағы бірқатар нәтижелі жұмыстардан хабардар болдым. Облыста қолға алынған әлеуметтік дүкендер желісі шын мәнінде үлгі етерлік жақсы тәжірибе. Өңірдегі көкөніс қоймаларында қажетті өнімдер қоры артығымен сақталған.
    Тараз қаласы бойынша 14 әлеуметтік дүкен ашылған, ол дүкендерде әлеуметтік маңызы бар тауарлар төмендетілген бағада саудалануда. Айталық, бір бөлке нан 80 теңгеден, жұмыртқа (10дана) 330 теңгеден сатылуда. Ең бастысы бұл дүкендер қаланың кез-келген бөлігінде бар. Әсіресе, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар қолжетімді бағада керектілерін сатып ала алады. Осы ұтымды ұйымдастырылған тәжірибені басқа облыстарда да қолға алу жағын қарастырыңыздар, -деді Асқар Ұзақбайұлы.

    Премьер-Министр Жамбыл облысындағы әлеуметтік дүкендер, сәбіз, пияздың жоғары өнімділігі туралы көрсетілген шағын бейнероликті қатысушылар назарына ұсынып, бұл көкөністермен алдымен еліміздің ішкі нарығын қамтамасыз ету бойынша тиімді жұмыстар жүргізудің маңыздылығын баса айтты.

    Айта кетейік, облыста «Алқаптан сөреге дейін» жобасы аясында тауар өндірушілер өнімдерін делдалсыз тікелей дүкендерге жеткізуде. Сауда желілелері арқылы 5,8 мың тоннадан астам азық-түлік тауары мен 4 млн тонна жұмыртқа нарықтағыдан 10-15 пайызға төмен бағада өткерілген.

    Тараз қаласы мен аудандарда барлығы 31 әлеуметтік павильон ашылған. Тағы 12 нысан ашу жоспарлануда.
    Бұдан бөлек, облыс орталығында тұрақты түрде ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі өтіп отырады.


    Жалпы, ағымдағы жылдың 10 айында Жамбыл облысында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 491,1 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5%-ға артық. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 377,5 млрд теңгеге жетті (+0,1%). Негізгі капиталға салынған инвестициялар өсімі 11,1%-ды құрады. Құрылыс көлемі 7,3%-ға өсті, өңірде 535,9 мың шаршы метр (+16,4%) тұрғын үй пайдалануға берілді.​

    қатысты посттар

    Жамбыл облысының әкімі Жуалы жұртымен кездесті

    Мәдениет күндері: Көшпенділер ізімен Тараздан Түркістанға

    Фариза

    Таразда тұңғыш рет «Ауыл әйелдерінің форумы» өтті

    Пікір қалдыру

    4 × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.