-6.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Халық қалаулылары Жамбылдағы қауіпсіздік бағытындағы жұмыстарға оң баға берді

    Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев ҚР Парламент Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелерімен кездесті.

    Аймақтағы жұмыс сапары барысында халық қалаулылары Қордай ауданындағы бақылау-өткізу пункттерін және шекара инфрақұрылымының басқа да нысандарын аралап, аталған комитеттің көшпелі отырысын өткізген болатын.

    «Еліміздің мемлекеттік шекарасы мен шекаралас аумақтарында ұлттық мүдделерді қорғау – аса маңызды және өте күрделі міндет. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өткізу пункттерінің материалдық-техникалық базасын жақсарту бойынша Жол картасы жасалған. Жауапты органдармен бірлесе отырып, берілген тапсырмаларды жүзеге асыратын боламыз. Бұл бағыттағы жұмыстар қазірдің өзінде қолға алынған. «Қордай» өткізу пункті қайта жаңғыртылды. Қалған өткізу пункттері де қайта жаңғыртудан өтеді,- деді аймақ басшысы кездесуде.

    Облыс әкімі халықаралық жағдайдың шиеленісуін ескере отырып, шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін ерекше бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті.

    Мәжілісмендерге өңірлер арасында әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары бойынша Жамбыл облысы екінші орында тұрғанын айтып, шет мемлекеттермен ынтымақтастықты нығайту шараларына тоқталды.

    Басқосу барысында Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Айгүл Құспан, комитет хатшысы Мұхтар Ерман, комитет мүшесі Ерлан Саиров ойларын ортаға салды. Олар шекара қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында облыста атқарылып жатқан жұмыстарды жоғары бағалады.

    Жалпы, 2021 жылдың 10 айында Жамбыл облысында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 491,1 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5%-ға артық. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 377,5 млрд теңгеге жетті (+0,1%). Негізгі капиталға салынған инвестициялар өсімі 11,1%-ды құрады. Құрылыс көлемі 7,3%-ға өсті, өңірде 535,9 мың шаршы метр (+16,4%) тұрғын үй пайдалануға берілді.

    Жұмыс сапары аясында Парламент депутаттары Құдайберген Ержан мен Сергей Решетников Байзақ ауданында болып, зардап шеккен нысандарды қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесімен танысты. Мәжілісмен Ерлан Саиров «Нұр Отан» партиясы Қордай аудандық филиалында азаматтарды қабылдау өткізді.

    қатысты посттар

    Дауылдан зардап шеккен байзақтықтардың мәселесі қатаң бақылауда

    Фариза

    ШЫМКЕНТТЕ «ЕҢБЕК» БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ҚОСЫМША 3 МЫҢ ГРАНТ БӨЛІНДІ

    Фариза

    Жамбылда құрылысшылар күні аталып өтті

    Пікір қалдыру

    10 + four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.