9 C
Алматы
Воскресенье, 17 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Заң

    Отбасында зорлық көрсететін азаматтарды жәбірленушіге жақындатпау мерзімі 30 тәулікке дейін ұзарды

    Бұрын мұндай азаматтар құрбанына 10 күнге дейін жақындай алмайтын.

    Тұрмыстық зорлық-зомбылық жасайтын азаматтарды отбасына жақындатпау мерзімі ұзарды. Сондай-ақ, олар әрекетін қайталаған жағдайда 5 тәулікке дейін қамалады, деп мәлімдеді ҚР ІІМ әкімшілік комиссия комитетінің басқарма басшысы Жасұлан Байкенов.

    «Қазіргі сәтте тұрмыстық зорлық-зомбылықты ерте кезеңде анықтау шаралары барынша қолға алынды. Олар негізінен – алкогольдік ішімдік ішу, отбасында заңға қарама-қайшы әрекеттер жасау, денсаулыққа жеңіл ауыртпалық келтіру. Мұнымен қатар, полицейлерге отбасылық бұзақыларға өз әрекетін жалғастыруға тыйым салу құқығы берілді. Жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты 125 мыңнан астам арыз келіп түсті. Нәтижесінде 9 645 азаматқа сот арқылы ерекше талап қойылды. 40 мыңнан астам азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 70 228 тұлғаға жәбірленушіге жақындауға тыйым салынды», – деді Жасұлан Байкенов.

    Сондай-ақ, басқарма жетекшісі арнайы талдау жүргізіп, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың негізгі себебі алкогольдік ішімдік ішу екеніне тоқталды. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, биыл 3 756 тұлға ішімдік ішіп, отбасында теріс мінез-құлық көрсеткен. Бұдан өзге жыл сайын шамамен осындай мыңға жуық азаматтың ата-ана болу құқығынан айырылатыны белгілі болды.

    «ҚР ІІМ талабына сәйкес, отбасылық бұзақының құрбанына жақындамау мерзімі 10-нан 30 тәулікке дейін ұзарды. Бұл жәбірленушінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жасалып отыр. Мұндай құқық бұзушыларға қайта тұрмыстық зорлық-зомбылық әрекеттерін жасауға, құрбанды іздестіріп, байланысқа шығуға, телефон арқылы сөйлесуге тыйым салынады. Оларды жеті күнде кемінде бір рет полиция бақылайды. Ал егер жәбірленушіге жақындаса, онда 5 тәулікке дейін қамалады”, – деп қосты Жасұлан Байкенов.

    Мұнымен қатар, ол бұзақылардың отбасына жақындауына тыйымды учаскелік полицейлер – жасөспірімдер мен әйелдерді қорғау бойынша инспектордың да салу құқығына ие болғанын бөлісті. Бұдан өзге соттың бұзақыны 30 тәулікке дейін үйінен кетуге мәжбүрлеуге құқығы бар.

    Источник: Informburo.kz

    қатысты посттар

    «Журналистер жеңілдікпен берілетін баспанаға ие болуы керек»: Балаева журналист мәртебесі жайлы

    Фариза

    Қазақстанда өлім жазасы қылмыстың қай түрлеріне қолданылуы мүмкін

    Фариза

    Парламент жерді шетелдіктерге сатуға қатысты заң жобасын қабылдады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    fourteen + 14 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.