-11.1 C
Алматы
Среда, 25 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Облыс әкімі қаржы жүйесі қызметкерлерін құттықтады

    15 қараша – Ұлттық валюта күні, қаржы жүйесі қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай облыс әкімі Бердібек Сапарбаев сала мамандары және ардагерлерімен кездесті.

    Төл теңгеміздің айналымға енгеніне де ширек ғасырдан асты. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары бұрынғы жүйенің ақшасы құнсызданып, баға құлдырады. Бұл гиперинфляцияға және адамдардың өмір сүру деңгейінің төмендеуіне әкеліп соқты. Жас, әрі тәуелсіз мемлекетіміз үшін өз экономикасын көтеретін, дағдарыстан шығаратын өзінің төл ақшасы, төл валютасы керек болды. Сондай сын сағатта тұңғыш Президентіміз-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 1993 жылы 12 қарашада ұлттық валютаны енгізу жөніндегі Жарлыққа қол қойды. Осылайша, 15 қарашадан бастап төл теңгеміз қолданысқа енді. Содан бергі 28 жыл ішінде Қазақстанда теңгенің төрт сериясы шығарылды, алты номиналдағы банкноттар мен жеті номиналдағы монеталар шықты. Біздің банкноттарымыз халықаралық көрмелер мен конкурстарда жоғары бағаланып келеді. Теңгеміз түрлі экономикалық және қаржылық дағдарыстарға төтеп беріп, өзінің құндылығын жоғалтпай, тұғырдан түспей келеді. Бұған әрине, ең алдымен қаржы саласында жүрген қаржыгерлердің қосып отырған үлесі зор, — деді облыс әкімі.

    Аймақ басшысы еліміздегі экономиканың тұрақтылығы мен дамудың тікелей ұлттық валютамызға байланысты екенін айта келіп, қаржы қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтады.

    Кездесуде қаржы саласына қосқан еңбегі үшін облыс бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Қайрат Қармандаев, облыс бойынша тексеру комиссиясының төрағасы Жанатбек Жапаров, қаржы саласының ардагері Валентина Пикалова мен Жаннат Қалтаева «Облысқа сіңірген еңбегі үшін төс белгісімен» марапатталды. Бұдан бөлек бірқатар қаржы саласының мамандары мен ардагерлері облыс әкімінің Құрмет грамотасын және Алғыс хатын иеленді.

    Қаржыгерлер атынан «ҚР Ұлттық банкінің» облыстық филиалының директоры Евгений Шарыгин сөз алып, қаржы қызметкерлерімен жылы жүздесу өткізген аймақ басшысына алғысын жеткізді.

    «Біз өңірдегі қаржы инфляцасын болдырмауға күш салып келеміз.Тәуелсіздік алған 30 жыл көлемінде қаржы саласы қарқынды даму жолына түсті. Цифрландырудың енуі еліміздегі қаржы және банк саласына соны өзгерістер алып келді», — дей келіп филиал директоры барлық әріптестерін төл мерекемен құттықтады.

    Ал қаржы ардагерлері атынан Байзақ ауданынан келген Гүлнәр Ибрайхановада өзінің ізгі тілегін жеткізіп, барша қаржыгерлерді мерекемен құттықтап, аналық алғысын білдірді.

    қатысты посттар

    Шымкент: пневмония ауруына шалдыққан науқастардың 80 пайызы жазылып шықты

    Фариза

    Қызылорда қаласының Сабалақ елді мекеніне ауыз су жүйесі тартылады

    Фариза

    Шымкентте «Мектепке жол» акциясы аясында 42 мыңнан астам балаға көмек беріледі

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twenty − seventeen =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.