-13.1 C
Алматы
Четверг, 26 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Көшпенділер ізімен Тараздан шыққан керуен Түркістанға жетті

    Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Жамбыл Жабаетың 175 жылдығына орай тарихы терең Тараздан шыққан «Ұлы Жібек жолы. Тарих қойнауынан – Түркілер бесігіне» атты көш-керуен киелі Түркістанға жетті. Керуен Жамбыл облысының Түркістандағы күндері аясында ұйымдастырылды.

    Этно-ауылда өткен керуенді қарсы алу шарасына Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев, зиялы қауым өкілдері, өнер иелері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты.

    Керуен-күйменің құрамында 10 түйе, 6 бота, 20 ат, 3 ат арба, 1 керуен басы, 1 жыршы, 1 батыр, 14 қыз-жігіттер бар.

    ҚР тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен әрі қолдауымен Түркістан аз ғана уақытта түрленіп, тамаша кейіпке енді. Облыс орталығы атанғанына бірер жыл ғана өтсе де, қандай керемет қалаға айналғанына сіздер мен біздер куә боп отырмыз. Мәдениет пен руханияттың орталығы болып қалыптасты. Түркістан гүлденсе, барша қазақтың мерейі тасиды десек артық емес, өйткені, бұл шаһар – ер Түріктің бесігі саналады.
    Жамбыл облысының Түркістандағы күндері – екі өңірдің рухани-мәдени байланысын арттырып, өзара қарым-қатынасын нығайтуға бағытталған. Жамбылдықтар да киелі қаланың өсіп-өркендеуіне өз үлестерін қосуда.
    Біз Тараз қаласын Түркістан қаласына туристік серіктес ретінде қалыптастыруды мақсат етіп отырмыз.
    Жамбылдықтардың керуенін ыстық ықыласпен қарсы алып жатқан сіздерге үлкен алғыс айтамыз,- деген Бердібек Сапарбаев шараның маңыздылығын атап өтті.

    Бұдан соң қонақтар бірқатар маңызды туристік нысандармен танысты.

    Жалпы, Жамбыл облысының күндері аясында екі күн бойы Түркістанда тағылымды шаралар ұйымдастырылып, көпшіліктің назарына ұсынылатын болады. Атап айтсақ, «Тараз – Ұлы даланың көне шаһары» атты жылжымалы көрме, облыстық кітапханалардың «Өткені – өнеге, бүгіні – бекем, болашағы – жарқын Жамбыл өңірі» мәдени шарасы, «Тараздан Түркістанға шашу» атты мерекелік концерті өтеді.

    Сондай-ақ, жамбылдық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің көрмесі жоспарланған.

    Көрмеге Тараз қаласы және Байзақ, Жамбыл, Жуалы, Меркі, Шу, Т.Рысқұлов аудандарының 20-дан астам қайта өңдеуші кәсіпорындары мен агроқұрылымдарының 10 түрлі өнімдері қойылмақ. Оның ішінде сүт және кондитерлік өнімдер мен макарон өнімдері, тауық еті, халва, мақсары майы, шұжық және консервілік өнімдер, сол сияқты облыста өндірілетін жұмыртқа мен ұн өнімдері бар.

    қатысты посттар

    Мемлекеттік қызметтерді үйде отырып-ақ алуға болады

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: ХҚКО-ның жабылуы туралы жалған ақпараттың таралуына байланысты, қызмет алуға жүгінетін азаматтардың саны күрт өсті

    Фариза

    Шымкент: Қаратау ауданындағы үйлердің 80 пайыздан астамы мемлекеттік электр энергиясына қосылған

    Фариза

    Пікір қалдыру

    18 + 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.