-1.1 C
Алматы
Понедельник, 18 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбылдықтар көп балалы отбасына асарлатып баспана салып берді

    Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың бастамасымен Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында қолға алынған «Асарлатып үй салу» жобасы Байзақ ауданының бірқатар ауылдық округтерінде жалғасуда. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында, Жаңатұрмыс ауылдық округі, Көкбастау ауылында әлеуметтік аз қамтылған, көп балалы Әліпбековтер отбасы баспана қуанышына бөленді,-деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі.

    Байзақ ауданы әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетовтің айтуынша, «Асарлатып үй салу» жобасының мәні мен мазмұнына айрықша. Өйткені, игі істің ел ішінде қайта жанданып, мұқтаж кісілерге, жетім мен жесірге, аз қамтылған, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларға шарапаты тие бастағаны – елдігіміздің үлкен сипаты.

    Ел-жұртты бірлік пен ынтымаққа ұйыстырып, жарасымды татулықты паш ететін, мұқтаж жандарды үймен қамтуды көздеген қайырымдылық шарасы биыл да жемісін беріп отыр. Үстіміздегі жылы аудан бойынша 18 ауылдық округте жағдайы төмен отбасыларға баспана салып беру қолға алынған еді. Жыл басынан бері Аймантөбе және Кеңес ауылдарында қамқорлықты қажет ететін отбасыларға жаңа баспана тарту етілді. Міне, бүгін Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерекесіне орай, бірлігі мен ынтымағы жарасқан Көкбастау ауылында тұрғындар мен жастар, еріктілер мен демеушілердің қолдауымен «Асарлатып үй салу» жобасымен баспаналы болып отырған Әліпбековтер әулетін қуанышымен құттықтаймын, – деді Дәуір Рысбайұлы.

    Ауданға қарасты Көкбастау ауылы ардагерлер алқасының төрағасы Әбдібек Байділдаев ауылдың әлеуметтік жағдайына жанашырлық танытып, қиналғанға қамқор болған кейінгі буынның бұл ісі көпке үлгі боларын айтса, жаңа тұрғын үйдің иесі Нұржан Әліпбеков пен ағасы Сәрсен Әліпбеков те ауызбіршілік арқасында бой көтерген игі іске атсалысқан барша ауыл азаматтары мен ауыл, аудан басшылығына ризашылықтарын білдірді.

    Жалпы Байзақ ауданында аталған жоба бойынша ағымдағы жылы 18 ауылдық округта үй салынады деп жоспарланған. Бүгінгі күнге дейін 4 ауылда яғни, Кеңес ауылы, Аймантөбе ауылы, Сарыкеме және Көкбастау ауылдарында жоба жемісті жүзеге асып, мұқтаж отбасылар ауылдастарының арқасында үйлі болған.

    қатысты посттар

    «Ұлы дала тарихы» атты облыстық көрмесі

    ШЫМКЕНТ: КОРОНАВИРУСТЫҢ ЕКІНШІ КЕЗЕҢІНЕ ДАЙЫНДЫҚ 3 БАҒЫТТА ЖҮРГІЗІЛЕДІ

    Фариза

    ШЫМКЕНТТЕ КӨПТЕН КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ КӨРМЕГЕН «ШӘМШІ АЛЛЕЯСЫ» ЖАҢАРЫП ЖАТЫР

    Фариза

    Пікір қалдыру

    12 + twelve =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.