-13.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбылда 200-ге жуық тұрғын жер телімін алды

    Шәкен Ниязбеков ауылында 100-ге жуық адам тұрғын үй салуға жер телімін алды.

    Жұртшылықтың қуанышына ортақтасуға келген Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаев бұл мәселені көпшілік көптен бері қаузап келгенін айтты.

    Бүгін 97 жер учаскесі кезекте тұрған азаматтарға үлестіріледі. Өткен жылғы кездесуде осы жағдайды жеткізген ауыл тұрғындарының өтініші бүгінде орындалуда. Облыс әкімі Бердібек Машбекұлы қолдауымен ауданда биыл 1864 жер учаскесіне инфрақұрылымдық-инженерлік жұмыстар жүргізілді. Осы жаңа тұрғын үй алқабында зәулім үйлер бой көтеріп, әрбір отбасымен әрбір шаңырақта береке-бірлік болуына тілектеспін.
    Жаңа тұрғын үй алқабы құтты болсын! Бақ-береке қонсын, – деді аудан басшысы құттықтауында.

    Жер кезегін көптен бері тағатсыздана тосып жүрген ауыл азаматы Зарина Болысбекова:

    Үлкен шаңырақта тұрып келеміз. Осыдан 7 жыл бұрын әкімдікке жер кезегіне тұрған едік. Өткен жолы аудан басшысының тұрғындармен кездесуінде осы мәселені көптеген азаматтар көтерді. Бүгінде сол тілегімізді орындап жатқанына алғысым шексіз. Кеше әкімдіктің жігіттері кезегіңіз келіп тұр, мына уақытта мына жерде болыңыз дегенде қатты қуандым. Тұрғын үй салудың қарекетіне тездетіп кірісемін, – дейді ол.

    Айта кету керек, ауданда 1864 азаматқа 7 елді мекеннен жер беру жұмыстары қызу жүргізілуде. Соның бірі – Шәкен Ниязбеков ауылы. 97 жер учаскесіне электр жарығы, ауыз су, «көгілдір отын» жүйесі жүргізілген.

    Сондай-ақ Ш.Ниязбеков ауылынан шыққан аудан әкімі Сәкен Арубаев Тастөбе ауылына барып, 79 азаматқа берілетін жер телемімен құттықтады.

    Бүгін ауылдарыңызға арнайы келіп, жағымды жаңалықты жария етпекпіз. Үй салып, шаңырақ көтеремін деген отбасыларға кезектілікпен жер телімі беріледі. Осы жағдайды ауылдың қариялары жеткізген еді. Міне, бүгін сол уәденің орындалуына куә болып отырсыздар, – деді өңір басшысы.

    Аталған жер учаскесіне электр жарығы мен ауыз су құбыры тартылған.

    Кезекке 8 жыл бұрын тұрған екенмін. Бүгін кезегім бойынша хабар келгеннен кейін жедел жеттік. Облыс, аудан басшыларына алғысымды білдіремін. Берілген 12 соттық жерге қара шаңырақты ьіктеу ойымызда бар, – дейді Земфира Салпагарова.

    «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында алдағы күндері Айшабибі ауылынан 382, Бірлесу-Еңбек ауылынан 130 жер теліміне электр жарығы, газ желісі, ауызсу, Бектөбе ауылынан 143, Аса ауылынынан 811 жер учаскесіне электр жарығы, газ желісі, Қызылқайнар ауылынан 222 жер теліміне қиыршық тас төсеу, электр, газ желісі тартылған жер учаскелері кезектілік тәртібімен беріледі.

    қатысты посттар

    Б. Сапарбаев өңірдегі шаруалармен кездесті

    Фариза

    Мұрат Әйтенов шымкенттіктерді Абай күнімен құттықтады

    Фариза

    Қала әкімдерінің рейтингінде үздік үштікке кімдер кірді?

    Пікір қалдыру

    4 × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.