-14.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Таластықтар Еңбек Ерін еске алды

    ҚазССР-ның еңбек сіңірген мал шаруашылығы шебері, Социалистік Еңбек Ері, Әбдір Сағынтаевтың туғанына 100 жыл. Айтулы датаға орай, Талас ауданы Үшарал ауылында танымал тұлғаның жарқын бейнесін еске алу шаралары өтті , — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпараттық Агенттігі.

    Социалистік еңбек ерінің 100 жылдығына арналған мерейтой 2 күнге созылды. Шараның алғашқы күнінде шағын футбол мен волейболдан облыстық турнир ұйымдастырылды. Шағын футболдан турнирге облыстың аудандары мен Тараз қаласынан 28 команда, волейболдан 13 команда қатысып, өзара бақ сынасты.

    Шараның екінші күні ауылдық мәдениет үйінде еңбектің адал адамы атанған Әбдір Сағынтаевты еске алу кеші өтті.
    Аталған іс—шара Әбдір Сағынтаевтың өмірі жайында қысқаша театрландырылған көріністен бастау алып, Ғ.Мәтебаевтың орындауындағы «Әбдір аға» әнінің бейнеклипімен жалғасты.

    Талас топырағы Үшарал ауылында дүниеге келген дарыны тасқын, Әбдір Сағынтаевтың барша мағыналы өмірі мен еңбегі туған халқының тағдырымен біте қайнасып жатқанын алдымен еске алған жөн. Оның туған жері үшін атқарған еңбегі, рухани көш керуені бақытты болашаққа қарай шеру тартып бара жатқандай. Сондықтан да оның алмастай жарқыраған алуан қырлары арқылы атқарған еңбегі өзі өмір сүрген заманның тозбас шежіресіндей болып, әлі талай ұрпаққа ден қойғызары анық.

    Еске алу кешінде өңір басшысы Бердібек Сапарбаев, ҚР Парламенті Сенатының депутаты Бекболат Орынбеков, аудан әкімі Қанатбек Мәдібек және ауданның құрметті азаматтары мен зиялы қауым өкілдері қатысты. Кеште алғаш сөз алған Бердібек Машбекұлы мал шаруашылығының қыр сырын меңгерген Әбдір Сағынтаев туралы өз ойын ортаға салып, сыр шертті.

    Одан кейін шағын футбол мен волейболдан өткен облыстық турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері марапатталды.

     Шағын футболдан турнир жеңімпазы Байзақ ауданының командасына 300 000 теңгенің сертификаты мен кубок табысталды.

    2 — орын, кубок және 200 000 теңге Тараз қаласының ҚазФосфат командасына бұйырылды. 3 — орын, кубок және 100 000 теңге Бостандық ауылдық округ командасына бұйырды. Сонымен қатар, төртінші орын алған Жамбыл ауданының командасына 50 000 теңге табыс етілді.

     Волейболдан турнирдің жеңімпазы, кубок және 300 000 теңгенің иегерлері Тараз қаласының құрама командасы атанды.
    2 — орын, кубок және 200 000 теңге Үшарал ауылдық округіне табысталса, 3 — орын, кубок және 100 000 теңге Қызыләуіт ауылдық округ командасына тапсырылды. Одан бөлек, төртінші орын алған Үшарал ауылының командасына 50 000 теңгенің сертификаты бұйырылды.

    Жиын аяқталған соң, мал шаруашылығының шебері Әбдір Сағынтаевтың рухына дұға бағышталып, ас берілді. Сондай-ақ, жиналған қауымға аудан өнерпаздарының концерті ұсынылды.

    қатысты посттар

    ШЫМКЕНТ: Мектепке дейінгі ұйымдарда санитарлық талаптар қатаң сақталуда

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: №2 қалалық аурухана базасынан инсульт орталығы ашылады

    Фариза

    ШЫМКЕНТ: ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫНДА ИНЖЕНЕРЛІК-ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖЕЛІЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРУДЕ

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two × 1 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.