-5.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбылда 10 айда өнеркәсіп өндірісінің көлемі 491,1 млрд теңгені құрады

    ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапары аясында Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысып, өңірдегі инвестициялық жобалардың іске асырылу барысын тексерді.

    Қордай ауданының Гвардейский кентінде Үкімет басшысы ҚР БҒМ Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының (ҒЗИ) иммунобиологиялық препараттар шығаратын биофармацевтикалық зауытында болды. Мұнда жыл сайын 60 млн дозаға дейін вакцина шығару жоспарланып отыр.

    Премьер-Министр BSL-3 стандартындағы субстанциялар өндіретін зауыттың өндірістік қуатын дамыту жобаларымен, сондай-ақ ҒЗИ-дың тұрғын үй және әлеуметтік-мәдени инфрақұрылымымен танысты.

    Байзақ ауданы, Жаңатұрмыс ауылдық округінің Қайнар ауылында Үкімет басшысына биылғы 26 тамызда оқ-дәрі қоймасындағы жарылыс салдарынан қираған барлық тұрғын үйді қалпына келтіру жұмыстарының аяқталғаны туралы баяндалды. Премьер-Министр зақымдалған үйлердің тұрғындарымен кездесу өткізді.

    А.Мамин Байзақ ауданындағы шаруа қожалықтарының бірінің астық жинау науқанының қорытындыларымен танысып, «Жамбыл» көтерме-тарату орталығына, әлеуметтік азық-түлік дүкеніне барып, Жамбыл облысында шығарылатын азық-түлік өнімдерінің көрмесін аралады. Үкімет басшысына өңірдегі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы баяндалды.

    Шу ауданындағы «Тараз химиялық паркі» арнайы экономикалық аймағын аралау барысында Үкімет басшысына химия және азық-түлік өнеркәсібіндегі жалпы сомасы 143,3 млрд теңге болатын перспективалы инвестициялық жобалар таныстырылды.

    Қуаты жылына 25 мың тонна натрий цианидін өндіру жөніндегі жобаны 2023 жылдың соңына дейін аяқтау көзделген. Кәсіпорын өнімі ҚР-ның ішкі қажеттіліктерін толық қамтамасыз етеді, сондай-ақ Орталық Азия мен ЕАЭО елдеріне экспортталатын болады.

    Қазақстанның АӨК саласындағы ірі жобаларының бірі – жылына 148,8 мың тонна ақ қант шығаратын қант зауытының салынуы. Оны 2023 жылы пайдалануға беру жоспарланған. Жоба толығымен өз шикізатымен қамтамасыз етіледі.

    Тараз қаласында Үкімет басшысы медициналық бұйымдар шығаратын «Әмір және Д» ЖШС-да болды. Биылғы қазан айында кәсіпорын COVID-19 антигенін анықтайтын экспресс-тесттер шығара бастады. Мұнда инфекциялық ауруларды, кардиологиялық маркерлерді, есірткі заттарын, аллергендерді және т. б. диагностикалау үшін 200-ден астам экспресс-тест атауын шығару жоспарлануда. Өндірістік қуаты жылына 15 млн экспресс-тест пен 1,5 млн бақылау ерітіндісін құрайды.

    А. Мамин «Көне Тараз» тарихи-этномәдени орталығының айналасындағы аумақты реконструкциялау жоспарымен, сондай-ақ Тараз қаласының тұрғын үй, медицина, көлік инфрақұрылымы мен тіршілікті қамтамасыз ету объектілерін дамыту жобаларымен танысты.

    2021 жылдың 10 айында Жамбыл облысында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 491,1 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5%-ға артық. Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 377,5 млрд теңгеге жетті (+0,1%). Негізгі капиталға салынған инвестициялар өсімі 11,1%-ды құрады. Құрылыс көлемі 7,3%-ға өсті, өңірде 535,9 мың шаршы метр (+16,4%) тұрғын үй пайдалануға берілді.

    Жұмыс сапарына Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов, энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев, денсаулық сақтау министрі Алексей Цой, мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев, «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Сапархан Омаров және т. б. қатысты.

    қатысты посттар

    Жамбылда 600 мың шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілді

    Фариза

    Қызылорда: Қазалылық тұрғынға 1 млн теңгенің қызметін МӘМС тегін ұсынды

    Фариза

    Арыс қаласынан келген балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру туралы

    Пікір қалдыру

    10 − 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.