6 C
Алматы
Бейсенбі, 2 Мамыр 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    Түркістан облысының тұрғыны WhatsApp-та қаржы пирамидасын құрған

    Түркістан облысында 25 адам WhatsApp-та 3 чат арқылы ұйымдастырылған қаржы пирамидасының құрбаны болды. Бұл туралы қаржы мониторингі агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады, – деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    Ведомствода қаржы пирамидасын ұйымдастырушылар алаяқтық схемаларды түрлі жолмен жасырғаны айтылды. Сонымен қатар, қаржы пирамидаларын үйден шықпай-ақ, мессенджердегі чатта хабарламалар тарату арқылы ұйымдастырған.

    “Қаржы пирамидасына қарсы агенттіктің Түркістан облысы бойынша аумақтық департаментіне 25 адам шағымданған. Тексеру барысында Түркістан қаласының тұрғыны WhatsApp-та “Асыл Инвест”, “30 пайыз айналым” және “3 күнде 30 пайыз” деген чаттар құрып, хабарлама тарату арқылы азаматтардың қаражатын қаржы пирамидасына тартқаны анықталды”, – делінген хабарламада.

    Салымшыларға салым сомасының 30 пайыз мөлшерінде пайда алуға кепілдік берілген. Ақша қаржы пирамидасын ұйымдастырушысының банк шоттарына “Kaspi.kz” қосымшасы арқылы түсіп отырған. Қазір шағымданған тұлғаларға келтірілген шығын сомасы 24 миллион теңгеден асады.

    Агенттік азаматтарды қысқа уақыт ішінде көп пайда әкелетін күмәнді жобаларға қатысудан аулақ болуға шақырды.

    “Егер сіз қаржы пирамидасына тап болсаңыз немесе ұқсас пирамидаға сіздің таныстарыңыз, жақындарыңыз қатысса, агенттікке не өңірлік қаржы мониторинг органдарына хабарласуларыңызды сұраймыз. ҚМА сенім телефоны: +7 (7172) 708-478“, – деді агенттікте.

    қатысты посттар

    “Ащы шындық неге айтылмайды?” Естір құлағы жоқ әкімдіктен қайыр таппаған Мақтаарал тұрғындары енді Тоқаевтан көмек сұрауда

    Фариза

    Ақтөбеде 16 жастағы оқушы анасын өлтірді деген күдікке ілінді

    Фариза

    Атырауда қайтыс болған баланың әкесі жедел жәрдем дәрігерлерін айыптады

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five × three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.