-11.1 C
Алматы
Понедельник, 23 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Ерлан Тұрғымбаев: Полиция қызметкерлерінің жалақысы 90% артады

    Министр полицейлерге қатысты сынның азайып келе жатқанын айтты.

    Алдағы екі жыл ішінде полиция қызметкерлерінің жалақысы 90%-ға дейін көбейеді, деп мәлімдеді Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.

    «Полиция қызметкерлерінің әлеуметтік-материалдық жағдайын жақсартуға қатысты шаралар қабылданып жатыр. Салыстырмалы түрде, құқық қорғау органдарында полиция қызметкерлерінің жалақысы төмен. Осы орайда, 2019 жылдан бері кезең-кезеңімен олардың жалақысын көтеріп келеміз. 2023 жылға қарай полиция қызметкерлерінің жалақысын 50-ден 90 пайызға өсіру жоспарланып отыр», – деді Ерлан Тұрғымбаев. 

    Дәлірек айтқанда, сержанттардың жалақысы қазір 81 мың теңге болса, алда 140 мыңға дейін өседі. Лейтенанттардың жалақысы 103 мың болса, ол 174 мыңға дейін артады. Сондай-ақ, министр полицияға қатысты сыни ақпараттың 2 есе қысқарғанына тоқталды. 

    «Барлық өңірде «Азаматтарға арналған қабылдау» бөлмелері ашылды. Онда халыққа консультативтік көмек көрсетіліп жатыр. Мұнымен қатар, әлеуметтік желімен жұмыс күшейіп, барлық басшы Facebook желісінде жеке аккаунт ашты. (…). Тоқсан сайын учаскелік инспекторлар мен өңір басшылары тұрғындар алдында есеп беріп жүр. Сондай-ақ, тұрғындарды үздіксіз ақпаратпен қамтамасыз ету мақсатында «Полиция.кз» сайты мен телестудия іске қосылды. Апта сайын брифинг өткізудеміз. Осы шаралардың нәтижесінде полицейлерге қатысты сын екі жыл ішінде 2 есе азайды», – деп қосты Ерлан Тұрғымбаев. 

    Дереккөз: Informburo.kz

    қатысты посттар

    Үшінші топтағы мүгедектер де тұрғын үй кезегіне тұра алады

    Фариза

    Ойын алаңында асылып қалған марқұмның xаты

    Конфликт с начальником довел жителя Тараза до попытки суицида

    Фариза

    Пікір қалдыру

    20 − two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.