-0.1 C
Алматы
Пятница, 22 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар Жаңалықтар

    Тараз қаласында толайым тірлік көп

    Өңірлік коммуникациялар қызметінде Тараз қаласының әкімі Ержан Жылқыбаев баспасөз мәслихатын өткізді. Брифингте шаһар басшысы тоғыз айда атқарылған жұмыстарды баяндап, алдағы мақсат-міндеттерді баяндады.

    Ержан Жұматұлының айтуынша, тоғыз айдың қорытындысы бойынша қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика сақталуда. Өнеркәсіптегі өндіріс көлемі, ауыл шаруашылығы, негізгі капиталға салынған инвестиция, бөлшек сауда айналымы, құрылыс, тұрғын үй салаларында өсім бар.

    Ағымдағы жылға бөлінген бюджет көлемі 80,7 миллиард теңгені құрады. Қаланың қосымша кіріс көздерін қарастыру жұмыстары жолға қойылды. Жергілікті бюджет шығыстарын қаржыландыру бойынша қаланың өзіндік кірістерінің атқарылуына талдау жасалды. Камералдық бақылау, салықтық әкімшілендіру, салық берешегін өндіру жұмыстарын күшейту есебінен қосымша түсімдерді қамтамасыз ету мүмкіндігін анықтадық. Нәтижесінде өзіндік кірістер көлемінің жалпы сомасы 3,2 миллиард теңгеге ұлғайтылды. Салықтық емес түсімдер 127 миллион теңгеге ұлғайтылды, – деген Ержан Жұматұлы әр саланың дамуына жеке-жеке тоқталды.

    Қала әкімінің сөзіне сүйенсек, шаһарда 2021-2022 жылдары жалпы құны 17,8 миллиард теңгені құрайтын 7 инвестициялық жобаны іске асырып, 1 044 жаңа жұмыс орнын ашу көзделуде. Сонымен қатар индустриялық аймақ арқылы жүзеге асатын жалпы құны 43,6 миллиард теңгеден асатын 14 жобадан тұратын әлеуетті қатысушылар базасы қалыптастырылыпты. Индустриалды аймақ толыққанды жүзеге асқанда жаңа жұмыс орындары ашылып, қаланың салық, бюджет түсімдері артады деп күтілуде.

    Сонымен қатар мемлекеттік бағдарламалар қаладағы жұмыссыздардың санын азайтуға көп септігін тигізуде. «Бизнестің жол картасы – 2025 жылы» бағдарламасы аясында 16,4 миллиард теңгеге 932 жоба қаржыландырылыпты. Бағдарламалардың тиімді жүзеге асқанының нәтижесінде 9 мыңға жуық азамат өз ісін ашып, 1 610 адам жұмыспен қамтылған.

    Ержан Жұматұлының келтірген мәліметтерге сүйенсек, тоғыз айда талай тірлік атқарылған. Жылдар бойы шешілмей келген көптеген түйінді мәселелер шешімін тапқан. Әр салада алға ілгерілеушілік байқалады. Алдағы жоспарлар да аз емес.

    қатысты посттар

    Түркістан облысының әкімі Өмірақ Шөкеев төтенше жағдайға байланысты мәлімдеме жасады

    Фариза

    Қызылордадағы жаңа шектеулер: Неге тыйым салынды?

    Фариза

    Қызылорда облысында мал шаруашылығы қарқынды дамуда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    twelve + 16 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.