-11.1 C
Алматы
Среда, 25 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Волейболдан облыс әкімінің кубогы үшін турнир басталды

    Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт сарайында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған ересектер арасында волейболдан Жамбыл облысы әкімінің кубогына арналған турнирдің ашылу салтанаты өтті. Оған аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев қатысып, командаларға сәттілік тіледі.

    Спорт – әрбір мемлекетті, ұлтты әлемге танытып, абыройын арттырады. Жастарымыз спортпен айналысып, жаман жат әдеттерден аулақ болуы тиіс. Мұндай жарыстар алдымен ауылдық, аудандық деңгейде іріктеліп, сосын облыстық, республикалық көлемде өтуі керек. Сонда ауылдағы нағыз таланттардың көрінуіне жол ашылады.
    Бүгінде Мемлекет басшылығының тапсырмасына сәйкес өңірде бұқаралық спортпен жүйелі түрде шұғылданатындардың көрсеткіші артып келеді. Олардың саны 400 мыңға жуықтап, 34 пайыздн асса, біз бұл көрсеткішіті 40 пайызға жеткізуді көздеп отырмыз.
    Жыл сайын жаңадан спорт кешендері бой көтеріп, халық игілігіне берілуде. Өткен жылы 14 дене шынықтыру-сауықтыру кешені және 92 спорт алаңшасы қолданысқа берілді. Жақында ғана облысымызда алғаш рет гимнастика және үстел теннисі спорт кешені ашылды. Осындай заманауи нысанда жаттыққан балалар ертең чемпионы атанарына сенеміз,-деді облыс әкімі.

    Екі күнге жалғасатын турнир барысында Қордай, Байзақ, Меркі, Талас, Сарысу, Жамбыл, Жуалы, Мойынқұм, Шу, Т.Рысқұлов аудандарының командалары, сондай-ақ Тараз қаласының 2 құрамасы өзара бақ сынасады. Жеңімпаздар қаржылай сыйлықтарға ие болады.

    Бұдан соң аймақ басшысы Тараз қаласындағы жеке кәсіпкерлер есебінен салынып жатқан көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысымен танысты.

    Алдымен Қалауыр Әкім көшесі №2 «А» мекен-жайында бой көтеріп жатқан 6 қабатты тұрғын үйдің жай-күйімен танысты. Мұнда барлығы 54 пәтер бар десек, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау мақсатында арнайы жеделсаты қызметі де қарастырылған. Ағымдағы жылдың наурыз айында іргетасы құйылған нысан желтоқсан айында пайдалануға берілмек.
    Жеке кәсіпкер Серік Олжабеков электрмен қамтуда мәселе бар екенін жеткізді. Бердібек Сапарбаев бұл мәселені шешу бойынша қала басшылығына тапсырма жүктеді.

    Қарахан көшесі №1 мекен-жайындағы бес қабатты тұрғын үйдің бүгінде құрылыс-монтаж және ішкі-сыртқы әрлеу жұмыстары орындалуда.

    Нысанның төменгі қабатында тауарлар делдалсыз жеткізілетін яғни төмен бағада сатылатын сауда кешені іске қосылмақ. Сондай-ақ, кофехана ашылады деп жоспарлануда.

    Облыс әкімі мұндағы жоспарлы жұмыстарға оң бағасын беріп, осындай үйлердің санын арттыру керектігіне назар аудартты.

    қатысты посттар

    Мұрат Әйтенов Елтай елді мекеніндегі төтенше жағдайдың алдын алу жұмыстарымен танысты

    Фариза

    Шымкент: Қаратау ауданындағы үйлердің 80 пайыздан астамы мемлекеттік электр энергиясына қосылған

    Фариза

    Көкпекті ауданында «Толағай сұлтаны-2019» шығармашылық байқауы басталды

    Пікір қалдыру

    four × four =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.