-14.1 C
Алматы
Вторник, 24 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Тараздықтар халық санағына белсенді қатысты

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Реформалар жөніндегі жоғары кеңестің үшінші отырысында Ұлттық санақты ұйымдастыру мәселесін айтып, халық санағы тұрғындардың нақты санын, оның жас және гендерлік құрамын, урбанизация деңгейін, табыс көлемі мен басқа да маңызды талдау деректерін анықтап, тексерілген әрі дәйекті басқарушылық шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретінін атап өткен болатын.

    Президент тапсырмасына сай өткен Ұлттық халық санағы Тараз қаласында қарқынды түрде жүргізілді деуге болады. Науқан барысында сауалнама алушылар тек облыс орталығындағы тұрғын үйлерді аралап қана қоймай, сауда орындары, көпшілік жерлер, саябақтарға да барып, тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, санақтан өткісі келетін азаматтарға да жәрдемдесті. Сонымен қатар, қоғамдық көліктерде, аяладамаларда, адамдар көп жиналатын орындарға, қала ішінде орналасқан LED экрандарға баннер мен билбордтар ілініп, халық санағы жайлы жан-жақты ақпарат көрсетілген. Ұлттық санақтың маңыздылығын түсініп, оған барынша атсалысып жүрген ерікті жастардың да қарасы қалың болды. Осындай жүйелі жұмыстардың нәтижесінде алдын ала мәліметтер бойынша, бүгінде әулиеаталықтар санаққа белсенді қатысып, алдын ала мәлімет бойынша шаһар тұрғындарының саны қазірдің өзінде 410 мыңнан асуда.

    «Халық санағы басталды дегенді естіген сәтте-ақ онлайн түрде науқанға қатыстым. Қазір технологияның дамыған заманы. Сондықтан да санақтың сауалдарына жауап беру еш қиындық тудырған жоқ. Оның үстіне сұрақтар да көңілге қонымды әрі жеңіл. Бұл науқан тек тұрғындардың санын білу үшін ғана емес, халықтың тұрмыс жағдайын зерттеп, қажетті бағдарламаларды әзірлеу үшін де аса маңызды деп ойлаймын», — дейді қала тұрғыны Рыскүл Қасымова. Ал, зейнеткер Рәтай Есенбаева санақтан оффлайн форматта өткен.

    «Сауалнама алушылар ең бірінші келгенде үйде ешкім болмады. Біз жоқ болғандықтан есікке байланыс нөмірлерін жазып, қыстырып кеткен екен. Сол бойынша хабарласып едік, қазақтың өрімдей ұлы мен қызы келіп, халық санағы бойынша біраз мағлұматтар беріп, сауалнама алды. Олардың адамдармен қарым-қатынасы, тіл табысуы сүйсіндірерлік. Отбасымыздың барлық мүшесі санақ сұрақтарына жауап берді. Отыз жылға енді қадам басқан жас мемлекетіміздегі әрбір адам зор маңызға ие. Халқымыздың саны көбейсе ғана іргеміз бекіп, алпауыттардың көшіне ілесе аламыз. Осыны жете түсінгендер халық санағына белсене атсалысуы керек», дейді тұрғын.

    қатысты посттар

    Байзақтағы 75 нысан қалпына келтірілді

    Фариза

    ШЫМКЕНТТЕ 200 ОРЫНДЫҚ ПРОВИЗОРЛЫҚ СТАЦИОНАР АШЫЛДЫ

    Фариза

    Қызылорда облысында қашықтан оқуға қажет 9 мыңға жуық компьютер алынды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    two − two =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.