-14.1 C
Алматы
Среда, 25 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбыл облысындағы бір бақта 13 түрлі алма өсіріледі

    Жамбыл облысындағы Өңірлік коммуникациялар қызметінің Тұрар Рысқұлов ауданынында ұйымдастырған баспасөз туры Құлан ауылындағы «SV AGRO» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қарқынды алма бағында жалғасты. 150 гектарлық бақ биыл екінші жыл қатарынан жемісін берген. Аталған серіктестіктің агрономы Айбек Рахымбердиевтің айтуынша, ағымдағы жылы олар 820 тоннадай өнім жинаған, бұл көрсеткіш былтыр 200 тоннаның шамасында болған екен.

    Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің шаруашылығына озық технологияларды енгізген, оның үстіне жиын-терім кезінде жергілікті тұрғындарды маусымдық жұмыстарға көптеп тартады.

    «Біз өзіміздің алғашқы көшеттерімізді 2019 жылы сәуір айында отырғызған болатынбыз. Негізі, бақтың жалпы аумағы 210 гектарға жетеді. Оның 150 гектарына алма талдар егілді. Интенсивті бақ тамшылатып суару жүйесімен қамтылған. Келесі жылы өнімділікті 2 000 тоннаға жеткізуді көздеп отырмыз. Содан соң 7 000 тоннаға жеткіземіз. Өйткені, осы уақытқа дейін алма талдарымыздың биіктеуіне мән берсек, енді жеміс салуына күш саламыз», — дейді серіктестің агрономы.

    Аталған жеміс бағында алманың 13 сорты өсіріледі екен. Оларды күтіп-баптаумен айналысатын 27 маман бар. Сонымен қатар техникалық 10 қызметкер еңбек етеді. 7-8 гидротехниктер мен агрономдар жұмыс істейді. Олардың орташа айлық жалақысы – 144 мың теңге.

    «Бұл орайда маман тапшылығына кезігіп отырғанымызды жасырмаймын. Алайда, біз Құландағы ауыл шаруашылығы колледжінде білім алатын студенттерден шаруаға икемі барларды қатарымызға тартудамыз. Оларды өзіміз тәрбиелеп, үйрету үстіндеміз. Ал өнімдерімізді әзірге Тараз қаласындағы «Ауыл береке» базарында 170-200 теңгенің айналасында саудалап жатырмыз. Одан бөлек, жақында Нұр-Сұлтан қаласына жәрмеңкеге алып бардық. Елордалықтар ерекше ықыласпен сатып алды өнімдерімізді», — деді Айбек Рахымбердиев.

     «Біз өзіміздің алғашқы көшеттерімізді 2019 жылы сәуір айында отырғызған болатынбыз. Негізі, бақтың жалпы аумағы 210 гектарға жетеді. Оның 150 гектарына алма талдар егілді. Интенсивті бақ тамшылатып суару жүйесімен қамтылған. Келесі жылы өнімділікті 2 000 тоннаға жеткізуді көздеп отырмыз. Содан соң 7 000 тоннаға жеткіземіз. Өйткені, осы уақытқа дейін алма талдарымыздың биіктеуіне мән берсек, енді жеміс салуына күш саламыз», — дейді серіктестің агрономы.

    қатысты посттар

    МҰРАТ ӘЙТЕНОВ ӘЛ-ФАРАБИ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ 9 АЙДА АТҚАРҒАН ЖҰМЫСЫНА ОҢ БАҒА БЕРДІ

    Фариза

    Шымкент: Қаратау ауданында 108 көше ге шаңал тас төселуде

    Фариза

    Қызылордада 405 мемлекеттік қызметші біліктілігін арттырды

    Фариза

    Пікір қалдыру

    4 + 18 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.