20 C
Алматы
Суббота, 13 сентября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Шымкенттегі инфекциялық ауруханада жұмыс істеген 70-ке жуық азамат жалақысын ала алмай жүр

    Жаз бойы алма тергендер де айлықтан қағылған.

    Шымкентте індет өршіп тұрған тұста өз өмірін қауіп-қатерге тігіп, инфекциялық аурухананың жаңа бөлімшесінде жұмыс істеген жетпіске жуық азамат не айлығын, не үстеме ақысын ала алмай отыр, деп хабарлады Qazweek.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасына сілтеме жасап.

    Ала жаздай алма тергендер де айлықтан қағылған. «Ереуілге шықсақ қана айлығымызды аламыз» деген Алматы облысындағы «Алма Грин Филдс» компаниясының қызметкерлері жалақылары кешігіп жатқанын айтып наразы.

    «Дүкен біткенге қарыз болып біттік» деген ел көмірді де қарыз дәптеріне жазғызып алып жүр. 

    Еске салсақ, Өскеменде азаматтар көмір кезегінде бірнеше күннен бері тұрғанын айтқан еді. Базаға көмір Өскемен қаласының әлеуметтік аз қамтылған отбасылары үшін жеткізілген.

    қатысты посттар

    Қызылордадағы цех жылына 60 мың текше метр темір-бетон бұйымдарын шығарады

    Фариза

    «11 қымбат көлік тәркіленді»: Мәсімов 2 млн доллар пара алды деген күдікке ілінді

    Фариза

    Қызылорда облысының Жалағаш ауданында егінге орақ түсті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 × 2 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.