Вторник, 18 ноября 2025
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Қоғам

    «Оны 17 ер адам зорлағанына сенімдісіз бе?» Тұрғымбаев Сарыағаштағы оқушының ісіне қатысты пікір білдірді

    Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев «он жеті ер адамнан зорландым» деген Сарыағаштағы оқушының ісіне қатысты пікір білдірді, — деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz порталына сілтеме жасап.

    «Оны 17 ер адам зорлағанына сенімдісіз бе? Қыз жоғалып кетті, бір күн болған жоқ. Операция кезінде ол табылып, анасына қайтарылды. Сол күні ешқандай арыз, шағым болған жоқ. Бір күн өткен соң, арыз түсті. Содан кейін қыздың анасы өтінішінен бас тартты. Тек бірнеше күннен кейін әлеуметтік желілерде 17 ер адамның зорлағаны туралы мәлімдеме пайда болды», — деді Тұрғымбаев Мәжіліс сыртында.

    Ол жаңа өтінішті полиция тіркегенін айтты.

    «Тексеруге міндеттіміз және жәбірленушіге қатысты бірқатар медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Осы тексеру қорытындысы бойынша шешім қабылданады», — деді ол.

    Еске салайық, Түркістан облысының тұрғыны кәмелетке толмаған қызын бірнеше ер адам зорлағанын мәлімдеген болатын. Жантүршігерлік оқиға биыл маусымда болған, бірақ енді ғана жария болды.

    қатысты посттар

    «Ұлымды соққыға жықты». БҚО тұрғыны мектеп директорын айыптады

    Фариза

    Қордайдағы оқиғадан соққы алған ақсақалдың қазіргі жағдайы мәз емес (видео)

    Фариза

    Қазақстандықтар ішінде лезде таралып жатқан «Черная касса», «Котел» ойындарына сенуге бола ма? Маман жауап береді

    Фариза

    Пікір қалдыру

    ten − five =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.