-0.1 C
Алматы
Суббота, 9 ноября 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Жаңалықтар

    Жаңа жылдың алдында азық-түлік тағы қымбаттайды

    Жаңа жылға қарай Қазақстанда азық-түлік бағасы өсе ме? Бұл туралы Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты, деп хабарлайды Qazweek.kz ақпарат агенттігі Zakon.kz порталына сілтеме жасап.

    Жаңа жыл қарсаңында қазақстандық саудагерлер Қытайдан тауар кіргізе алмай, тауардың бәрі жаппай қымбаттайды деседі. Ұлттық экономика министрлігі қандай да бір шаралар қабылдай ма? — деп сұрады журналистер Мәжіліс отырысында министрден.

    Қытай мен шекара мәселесінің біздің министрлікке қатысы жоқ. Кеден мен сауда Қаржы министрлігіне қатысты мәселе. Бағаның өсуі бойынша маусымдық ауытқу болады, желтоқсан айында елдің бәрі жаңа жылдық мерекелерге дайындалады. Сондықтан белгілі бір азық-түлік өнімдерінің бағасы өседі, — деді Ұлттық экономика министрлігінің басшысы.

    Сондай-ақ, одан дүкенде нан мен картоп қанша тұрады деген сұрақ қойылды.

    Нан түріне қарай орта есеппен 130 теңге тұрады. Картоп шамамен 425 теңге тұрады, деп жауап берді Ерғалиев.

    қатысты посттар

    ЖАҢАРТЫЛАТЫН ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІ: АҢЫЗ БА, АҚИҚАТ ПА?

    Фариза

    Дариға Назарбаева мен Нұрсұлтан Әбішұлын қамауға болмайды — Әділет министрі 

    Фариза

    Қызылорда облысында ауыл шаруашылығы дақылдарынан межелі өнім жиналуда

    Фариза

    Пікір қалдыру

    3 × 5 =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.