-0.1 C
Алматы
Четверг, 26 декабря 2024
  • Қазақ тілі
  • Русский
  • English
  • Аймақтар

    Жамбыл облысында Қазақстан малшыларының алғашқы республикалық слеті өтті

    ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаевтың 125 жылдығына орай Жамбыл облысында Қазақстан малшыларының алғашқы республикалық слеті өтті.

    Республикалық малшылар слеті аясында Таразда «Ауыл шаруашылығы» скверінің, данқты шопан бейнеленген барельефтің ашылуы, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде Ж.Қуанышбаевқка арналған бірінші республикалық ғылыми-практикалық конференция өтті.

    Т.Рысқұлов ауданында асыл тұқымды ауыл шаруашылығы жануарлары мен ауыл шаруашылығы техникасының көрмесі өтті.

    Данқты шопан Жазылбек Қуанышбаев соғыстан кейінгі жаңа өмірдің қалыптасуына өлшеусіз үлес қосты. Ол алғашқылардың бірі болып қаракөл қойын өсіруді қолға алды. Өзінің еңбектегі ерлігінің арқасында елімізді атын шетелге танытты. Жамбылдықтар атақты жерлестірімен мақтанады. Жаз-атаның мерейтойын атап өте отырып, рухына тағзым етеміз. Биыл өңірде бірқатар іс-шаралар жоспарланған. «Жалпақ жұрттың Жаз атасы» кітабының тұсауы кесілді. Жерлестері Жаз-атаның есімін ұмытылуына жол бермейді, Оның өсиеттеріне, өнегесіне адал болады, — деді облыс әкімі.

    Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев мал шаруашылығы саласы қызметкерлерінің міртебесін арттыру мақсатында кешенді шаралар қолға алынып жатқанын атап өтті.

    Қазақстанда жаңа мереке – Малшылар күні пайда болды, оны маусым айының әр екінші жексенбісінде атап өтеміз. Агроөнеркәсіптік кешен – еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қалыптастыратын экономиканың маңызды салаларының бірі. Дамыған ауыл шаруашылығынсыз бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес. – деді ауыл шаруашылығы министрі.
    Көрмеге асыл тұқымды бұқалар, жылқылар, голштейн-фриз және швейцариялық сиырлар, сондай-ақ жаңа ауыл шаруашылығы техникалары ұсынылды.

    Басқосу барысында мал шаруашылығын, агроөнеркәсіп кешенін дамытудың кең ауқымды мәселелері, Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасын іске асыру тетіктері талқыланды.

    Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, бүгінде облыста мал басы артуда, нақтырақ айтсақ: ірі қара саны – 10,7 пайызға, ұсақ мал – 3,7 пайызға, жылқы – 5,2 пайызға, түйе – 7,5 пайызға өскен. Қонақтарға арналып спорттық және мәдени шаралар ұйымдастырылды.

    Көрме түрлі номинациялар бойынша жеңімпаздарды салтанатты түрде марапаттау рәсімімен түйінделді. Сала ардагерлері Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» және «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгілерімен марапатталды.

    Мұндай деңгейде малшылардың слеті алғаш рет өтіп отыр. Біз өзекті мәселелерді талқылауға, тәжірибе алмасуға мүмкіндік алдық. Еліміздің және облыс басшылығына көрсеткен қолдауы мен ықыласы үшін алғысымызды білдіреміз, — деді «Үздік шопан» номинациясын жеңіп алған Т.Рысқұлов ауданынан келген Сейтбек Дүйсенов.

    Облыс әкімі Бердібек Сапарбаев шаруа қожалықтың озат шопаны мен жылқышысына 15 миллион теңге көлемінде сертификат табыс етті. Бұл қаржы олардың отбасы үшін тұрғын үй салуға жұмсалмақ. Сондай-ақ, аймақ басшысы «Жылы бұлақ Меркі» шаруа қожалығының шопанына «Lada Vesta» автокөлігінің кілтін табыстады.

    Бұл күні Таразда слетке қатысушылар «Қазақтың қара шалы» фильмін және А.Тоқпанов атындағы Жамбыл облыстық қазақ драма театрында екі мәрте Социалистік Еңбек Ері атанған Ж. Қуанышбаев пен Ы. Жақаев туралы театрландырылған қойылымды тамашалады.

    қатысты посттар

    Шымкентте жасалған тайқазан көшірмесі Түркістандағы көрмеге қойылды

    Фариза

    Сыр жастары арасында онлайн форматта спорттық жарыстар ұйымдастырылуда

    Фариза

    Шымкентте мобильді топтар 53 мың науқасты тегін дәрімен қамтамасыз етті

    Фариза

    Пікір қалдыру

    five × three =

    * Используя эту форму, вы соглашаетесь с хранением и обработкой ваших данных на этом веб-сайте.